20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Абай ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен қаламызда енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты Абай ауданында атқарылып жатқан дезинфекциялық шаралар бойынша брифинг өтті.

    Баспасөз мәжілісінде Б.Рысқұлұлы, ең алдымен, залалсыздандыру жұмыстары жөнінде сөз қозғады.

    – Елімізде төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері ауданда карантинге жабылған аумақтардан бөлек, шағын аудандар мен тұрғын алабтардың көшелері және көп қабатты тұрғын үй аулаларында қарқынды түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданға қарасты 1025 көшенің 582-сі қалалық «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і атқарса, «Pubic protection» ЖШС-і тас, топырақ жолдар мен арнайы техниканың кіріп шығуына қиындық тудыратын 382 көшеге залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Ал ауданның орталық 61 көшесін дезинфекциялау Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан атқарылды. Қазіргі таңда аулаларды және көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістерін залалсыздандыру жұмыстарын №35-748 әскери бөлімнің 25 сарбазы күнделікті залалсыздандырып жатыр. Сондай-ақ, аудан аумағындағы жалпы 17 екінші деңгейлі банк бөлімше мен 13 базар өз қаражаттарымен істелінсе, 358 аялдама, 2 саябақ, 8 скверлерде заласыздандыру жұмыстары «ЛТД Тұрмыс» мекемесімен жасалып келеді, – деді Б.Парманов.

    Брифинг барысында аудан әкімі кәсіпкерлік нысандарында карантиндік талаптарды сақтау бойынша мобильді топтың жұмысы туралы айтып өтті.

    – Абай ауданы аумағында 4 мобильдік топ құрылып, қазіргі таңда 1850 кәсіпкерлік нысан иелеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2 базарға «Авто-нұр», «Тұлпар» және түрлі қызмет көрсетудегі 44 кәсіпкерлік нысандарға хаттама толтырылды. Сонымен қатар 27-28 шілде аралығында жүргізілген мобильдік топтың кешкі рейдтік жұмыстары нәтижесінде аудан аумағында 12 нысан карантин режимін сақтамай жұмыс істегендігі анықталды. Жалпы, аудан аумағындағы базарларда, ірі сауда үйлерінде және түрлі қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандарда карантин талаптарын сақтау, бас дәрігердің қаулысының талаптарын бұзбау жөнінде күнделікті ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айта кеткім келеді, – деді ол.

    Бұдан бөлек, Бұхарбай Рысқұлұлы аудан аумағында 453 көп қабатты тұрғын үйдің 258 ауласы мен 727 көшенің санитарлық тазалау және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазартуға 354 млн мың теңге қаржы қарастырылып, жұмыс атқарылғанын жеткізді. Және қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасымен ауданда істелініп жатқан жалпы жұмыстар жөнінде толық мағлұмат айтып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Байзақтағы 62 үй қалпына келтірілді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова жаңа автобустарды табыстау рәсіміне қатысты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ 100 ПАЙЫЗ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.