5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласының әкімі Президентке эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесу барысында Шымкент  қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын баяндады

    Қала әкімі қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, коронавирус індетінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ карантин режимін қамтамасыз ету және әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

    “Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдей бастады. Өткен тәулікте 54 вирус жұқтырғандар тіркеліп, өсім  1,2 пайызды құраған. Осы айдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге төмендеген. Сонымен қатар, жедел жәрдем шақыру 43 пайызға азайып, стационарларда ем алушылардың саны 56,9 пайызға төмендеп отыр. Сіздің тапсырмаңызбен қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды.

    Бүгінде шет мемлекеттен 2 млн. 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрілер мен 16 млн. 700 мың маска жеткізілді. Сондай-ақ, қосымша 58 ИВЛ, 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынды. Қазіргі таңда, реанимациялық орынның 88,7 пайызы  ИВЛ аппараттарымен қамтылып отыр”,-деді қала басшысы.  Сонымен қатар, Мұрат Әйтенов төтенше жағдайға орай табысынан айырылған азаматтарға тиесілі 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлем

    Шымкент қаласының 100 504 азаматына берілгенін атап өтті. Телефон арқылы сөйлесу барысында Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігін айтты.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ 265 895 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

    Фариза

    Халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 30 нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Жамбыл облысында картоп жинау науқаны басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.