21 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Құрбан айтта Алматыға кіреберістерде бекеттер қойылады

    Оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында биылғы Құрбан айт мерекесі қалай өтетінін айтып берді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Алматының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қаладағы барлық ұйымдарда, медресе мен жер үйлерде мұсылмандар мерекесіне арналған жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, Алматы аумағында автокөліктерде және жеке иеліктегі үйлерде мал сойып, сатуға тыйым салынды.

    Сондай-ақ Орталық мешітпен белгіленген онлайн режимде құрбандық шалу орындарынан бөлек, мал сою цехтары мен мал базарларының жұмысы тоқтатылады.

    Одан бөлек, қалаға мал тасымалдануының алдын алу мақсатында Алматыға кіреберістерде бекеттер қойылады. Тек онлайн режимде құрбандық шалуға арналған малдарды кіргізуге рұқсат етілген.

    Құрбандық шалу үшін алматылықтар Qurban2020.kz сайтына өтінім беруі тиіс. Қаланың бас санитарлық дәрігері мәселеге түсіністікпен қарауға шақырып, олай болмаған жағдайда санитарлық шаралардың бұзылу мүмкіндігін алға тартты.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда Құрбан айт күндері мешіттер ашылмайтынын жазғанбыз. Мұндай шараның қабылдануына COVID-19 пандемиясына байланысты карантин режимінің 2 тамызға дейін ұзартылуы себеп болған.

    қатысты посттар

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    Талғат Меңдібаев: Бас қала – Қазақстанның басты бренді

    Фариза

    Алматыдағы Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.