12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада Жаңақорған ауданындағы эпидемиологиялық жағдай талқыланды

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен
    селекторлық режимде Жаңақорған ауданының эпидемиологиялық ахуалына арналған
    мәжіліс өтіп, аудан әкімі Сұлтан Мақашов індеттің алдын алу, таралуын болдырмау
    мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

    Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша коронавирус инфекциясымен барлығы 368
    жағдай тіркелген. Оның 285-і қазіргі таңда толық емделіп, жазылған. Осы кездегі жағдай
    бойынша аудандық стационарда 14, үй жағдайында 64 адам ем алуда.
    Пневмониядан 1420 адам ауырып, 1194 адам жазылып шықты.
    Аудандағы емдеу мекемелері бүгінде 11 дана ИВЛ аппараты, 9 дана оттегі
    концентраторы, 26 дана пульсоксиметр, 13 дана монитор құрылғысы және 110 оттегі
    баллонымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жергілікті кәсіпорын басшыларымен 740
    дана кислород баллондары сатып алынған.

    Жалпы карантин жарияланған кезеңнен бастап аудан бойынша демеушілер мен
    еріктілер тарапынан аудандық аурухана мен елді мекендерге 50 млн. теңгенің көмегі
    көрсетілген. Оған медициналық құрал-жабдықтар, азық-түліктер мен 2 дана ИВЛ
    аппараты, 9 дана оттегі концентраторы алынған.

    Мәжілісте аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова аудандағы дәріханалардың
    жұмысын бақылауға алу қажеттігін айтты.

    «Аудандағы барлық дәріханалардың жұмысын бақылауға алыңыздар. Дәрі-дәрмек
    тапшылығын болдырмау мақсатында дәріхана иелерінің де жауапкершлігін күшейту
    қажет. Олар жеке кәсіпкер болғанымен пандемия кезінде өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруы
    тиіс. Қажет болған жағдайда дәріхана иелерімен бірлесіп, ең керекті дәрілерді бірге тауып,
    ауданға жеткізіңіздер. Сондай-ақ рентген аппараттары істен шығып жатса, жедел
    жөндеуді қамтамасыз етіңіздер», – деді облыс әкімі.

    Жиында облыс әкімі Жаңақорған ауданындағы првизорлық орталықтардың да
    қатарын арттыру керектігін айтты. Қазіргі таңда аудандағы провизорлық орталықтарда
    160 орын бос. Ахуал күрделенген жағдайда аудан орталығындағы денешынықтыру, спорт
    кешені ғимаратынан 100 орындық провизорлық орталық ашылу көзделген.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

    Фариза

    Алматыдағы атақты базар мемлекетке қайтарылады 

    Арал ауданының аумағында геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.