7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Педофилдер мен жемқорларға өлім жазасы енгізілсін! Конституцияға үздіксіз өзгеріс енгізген билік неге тоқтап қалды?

    Кешегі Сатпаевта орын алған сұмдық оқиға бүкіл қазақ елінің жағасын ұстатты. 5 жасар қыздың педофилдің құрбанына айналғанын естіген жұрттың да орнында тыншып жата алмай, педофилді ашуға булығып өздері жазаламақ болғаны да орынды. Дегенмен, біздің елдің “мейрімді” заңдарының әсерінен педофил 20-30 жылға ғана сотталуы немесе өмір бойы бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бірақ, қоғамда кешіруге келмейтін қылмыстар да бар. Адам боп жаратылғанымен, ақылы жоқ жануарлардан да төмен дәрежедегі әрекеттерді жасайтындар бар, өкінішке орай. Оларды не сұрауын қанағаттандырып бітпейсің, не адам қылып болмайсың. Қалтасын толтырып біте алмайтын жемқорлар мен кішкентай балаларға азғындық жасайтын қоғамның мұндай індетімен күресудің бір ақ жолы бар. Ол – өлім жазасын енгізу. Себебі, біздің елде жемқорлардың сотталып, жазалануы өте сирек, ары кеткенде қызметінен айырылады. Ал олардың қоғам мен еліміздің болашағын дамытуда қандай кедергілер мен зиян келтіріп отырғандығын бәрі біледі. Халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс қаржыға өз дүниесін түгіндеп біте алмай жатқандардың саны азаяр емес.  Ал педофилдер туралы біздің елдің жазасын айту тіптен күлкілі. Дүниені енді ғана танып келе жатқан кішкентай ғана періштелерге адам айтуға қорқатын әрекетті жасайтын мақұлықтарға біздің елдің неліктен емешегі үзіледі де қалады?

    Еліміз өзге елдің тәжірибесіне сүйенгенді жақсы көреді. Идеяны ұрлау да немесе шет елдің дүниесін көшірме қып жасап қойғанына да қазір таң қалмайсың. Ендеше, дәл осы тұста басқа елдің педофилдерге арналған заңдарына тоқталып көрейік:

    • Біршама елдерде педофилдерге өте ауыр жаза беріледі. Мәселен, Қытайда педофилдің баланы зорланғаны дәлелденсе, бірден өлім жазасына кеседі. Сондай-ақ сот шешімімен физикалық кастрация жазасы да белгіленуі мүмкін;
    • Иранда дарға асу немесе ату жазасы арқылы жұрт алдында өлім жазасына кесіледі;
    • Солтүстік Кореяда педофилді өз құрбаны өлтіреді: кінәліге ату жазасы белгіленеді, ал зорланған бала сол ату командасының құрамында болады;
    • Ал Мысырда сотталғандарды жұрт алдында дарға асады;
    • Үндістан үкіметі 2018 жылдан бастап 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлаған педофилдер үшін өлім жазасын енгізді;
    • Дәл осындай ауыр жаза түрлері Сауд Арабиясында, Латын Америка, Оңтүстік Корея, Ирак пен Африка елдерінде қарастырылған;
    • Африканың кейбір елдерінде педофилдерді, тіпті, тірідей жағып жібереді;

    Дәл осындай өлім жазасын жемқорлар үшін Қытай мемлекеті қолданады. Олар пара алған адамдарды басқаларға сабақ болуы үшін жұрт алдында желкелерінен атып өлтіреді. Тіпті, осындай оқиғаның куәсі болғандығын Президентіміз Тоқаевтың өзі де айтқан болатын. Осы жылы дәл сондай парақорларға өлім жазасын тағайындауды қоғам белсенділері үлкен дәрежеде көтеріп билікке талап қойған болатын. Дегенмен, оған құлақ асқан басшылық жоқ.

    Ал АҚШ-тың барлық штаттарында дерлік педофилдер қатаң бақылауға алынған:

    • Америкалықтар арнайы сайттар арқылы “қауіпті адамдардың” өмірбаянымен таныса алады. Онда педофилдердің суреті де жарияланған Педофилдер жергілікті құқық қорғау органдарына үнемі келіп, жұмысы туралы ақпарат беріп, мекенжайын көрсетеді;
    • Жазасын өтеп шыққан жүздеген педофилді электронды білезік киюге міндеттейді. Егер педофил мектеп маңын айналшықтап жүріп алса, бірден полицейлер келеді;
    • Электронды мониторингпен үй қамаққа алу әрекеті бар. Олар жұмысқа, дүкенге, емханаға немесе тағы баса орындарға бара алады, бірақ, үйіне белгіленген уақытта қайтып оралуы тиіс;

    Өзге елдің тәжірибесіне сүйенгіш біздің еліміздің азаматтары неліктен дәл осы қоғамның кеселіне айналған педофилдер мен жемқорларға аталған елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, жаза қолданбайды?

    Жыл сайын педофилдердің құрбанына айналған балалардың саны көбеймесе азаймайды. Тіпті, коронавирус індеті басталған 2020 жылдың басынан бері 402 бала сондай азғындардың құрбанына айналған. Олардың ішінде мұндай қорлыққа төзе алмай қайтыс болғандар мен өз-өзіне қол салғандар да бар. Біз неліктен педофилді жарылқаймыз да, ал сондай азғындардың құрбанына айналатын бүлдіршіндерді ойламаймыз?

    Бүгінгі Сатпаевта болған оқиға бірінші рет орын алып отырған жоқ. Дәл осындай жағдай 2007 жылы дәл осы күні 5 жасар қыз педофилдің құрбанына айналған. Жағдай 3 жылдан кейін қайта қайталанып отыр. Бұның алдында бүкіл қазақ елін дүрліктірген Тараздағы мектеп әжетханасында оқушының педофилдің қолына түсуі де елді шошытқан болатын. Ал, педофилдерге арналған арнайы сайтты ақтарғанда қамауға алынған азғындардың мерзімінен бұрын шыққандардың қатары көп екендігіне көз жеткіздік. Бұл дегеніміз педофилдерді аяушылық па, жоқ әлде, бар да тағы да кішкентай балаларды зорла дегендері ме? Сонда “біздің шешім шығарғыш заңшылдарымыздың” өзгенің баласын былай қойғанда өз баласына жаны ашымағаны ма? Сол педофилдің құрығына өзінің де баласы түспесіне кім кепіл?

    Педофилдер мен жемқорларға деген жазаның тым әлсіз екендігін осыдан-ақ байқауға болады.

    Осы тұста Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі психологпен педофил туралы сұхбатасқан болатын. Психологтың айтуы бойынша, педофилия – емдеуге келмейтін аурудың түрі. Басқаларға жаза қолдану арқылы да оларды түзей алмайсың. Тура шизофрениямен ауыратын адамдар секілді. Химиялық кастрацияның өзі уақытша дүние екендігін жеткізді ол.

    Психологтың жеткізгеніндей педофилия – емделуге келмейтін ауру түрі. Ендеше олар емделіп, адам бола алмаса, қоғамға пайдасын былай қойғанда ең үлкен зиянын тигізетінін есепке алсақ, оларды қоғамда ұстаудың қажеті қанша немесе ондай адамдарды неліктен билік өлгенше асырау керек?

    Бүгінгі күннің басты проблемасы – жемқорлар мен педофилдер. Оларға өлім жазасын кесу арқылы ғана бұл мәселенің шешімін таба аламыз. Қоғамның қанша уақыттан бері жемқорлар үшін де, педофилдер үшін де өлім жазасын енгізуде сұрап жүргеніне қанша уақыт болды. Бүгінгі Сатпаев тұрғындарының сұрап отырғаны да осы. Дегенмен, басшылықтың бар жауабы: біздің елімізде өлім жазасына мараторий жарияланған. Осы уақытқа дейін Конституцияға 1000-нан аса өзгеріс енгізген биліктің шамасы педофилдер мен жемқорларға жетпей қалғаны қалай?

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында бір топ адам түн ішінде әкімді ұрып кетті

    Фариза

    “Атып тастаса да, обалы жоқ…” Депутаттың сөзі халықтың ашуын туғызуда

    Шымкентте 22 адамды егеуқұйрық тістеп алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.