15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: 195-орамдағы инфрақұрылым мәселесі жыл соңына дейін толығымен шешіледі

    Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары  биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді.

    Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті.

    Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдап пайдаланып келген  болса,  жеке меншік  қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.

    Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы Теңел Жақсымұратов нысанды қараша айында тапсырамыз деп отыр.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Арыс қаласының оқушылары Шығыс Қазақстан облысына келді

    Шымкентте 80 мыңнан астам қарт кісі бар

    Фариза

    «Ауыл – ел бесігі»: Жамбылда 351 маманға бірреттік жәрдемақы төленген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.