10 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Білім министрін аяқтан шалу кімге керек болды?

    Жуырда Білім және ғылым министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Анар Қайырбекованың мәлімдемесінен кейін Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың диссертациясы плагиат болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Тіпті, аталған жағдайға байланысты тергеу істері де басталып кетті. Дегенмен, осы уақытқа дейін министрліктің, басшылықтың қитұрқы әркеттері әшкере болғанына қуанып, сүйінші сұрайтын халық бұл жолы мүлде басқаша қырынан көрінуде. Қоғамда Асхат Аймағамбетовқа бұл қасақана істелінген әрекет деп танып, оны жақтаушылардың қатары көбеюде:

    Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Білім минстрін бір жыл сайын ауыстыруды доғарып, Асхат Аймағамбетовты орнында қалдыру керек екендігін жеткізді.

    “Білім министрі Асхат Аймағамбетов орнында қалу керек деп санаймын, достар. Жас болса да ойлы, тәжірибелі жігіт. Білім саласын нақты қалай арттыру керек екенін жоспары бар. Әліппені қайтарып отыр, үш тұғырлы тіл деген пәледен бас тартып жатыр, қазақ тарихын қайта енгізіп отыр.
    Бұндай жас және сауатты министрлерге 5 жылдай уақыт беру керек деп ойлаймын. Саланың жетекшісі болған соң өз жоспарын жүзеге асырсын, ал оған уақыт керек. Білім министрлерін жыл сайын ауыстыруды доғару керек. Әйтпесе балалар мен ата-аналар, студенттер, білім жүйенің логикасыз реформаларынан әбден шаршады”, деді ол.

    Білім және ғылым министрлігінде қызмет атқарған Әли Мергенбаев болса: бар күш жігерімен іске кіріскен жасты аяқтан шалу кімге керек болды екен? – деп, Аймағамбетовтың әрекеттері оң баға беріп келе жатқандығын жеткізді.

    “Иә,соңғы күндері әлеуметтік желілерде білім министрін Аймағамбетов мырзаны қолдаймын болмаса қолдайық деген пікірлерден босамай қалды. Бұл бір бұл уақытқа дейін болмаған дүние. Ешқашан бір министрді болмаса бір шенеунікті қолдап халық қолдау жасағаны меннің есіме түспей тұр. Бұл нені көрсетеді бұл жас министр Аймағамбетовтың өз аманаттын адал атқарғанын халықтың көңілінен шықанын көптеген жақсы істерге ұйтқы болып істеген ісі жемісті болғанын көрсетеді.  Кез келген мемлекеттің көшін алға жылжытатын білім саласы сол көшті бастап жүрген басшыны ауыстыра бергеннен білім саласы оңала қоймас. Соңғы уақытта білім сапасын жақсарту үшін көптеген іс-шаралар қолға алынып, іске асып, басталып жатыр. Енді ғана бізге қисайған көшті түзеймін деп бар күш жігерімен іске кіріскен жасты аяқтан шалу кімге керек болды екен?” – дейді ол.

    Дәл осы пікірге белгілі продюсер Баян Мақсатқызы да қосылды. “Жүйеге қарсы шықтың ба, бәріне дайын бол” , – дейді ол.

    “Карантин кезеңінде біз тек 3 министр туралы естиміз, олардың ішіндегі ең жасының ісі мені де қызықтырды. Ол соншалықты не істеді? Аймағамбетов осыдан бір жыл бұрын ғана келді, бірақ соның өзінде бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының директорларын ауыстырды, дипломдарды былай да былай басып шығаратын жеке университеттерді әшкереледі, олардың 40-ы мемлекеттік гранттардан айырылды, ғалымдарға деген талапты, сұранымды күшейтті, көптен бері бизнеске айналған оқулықтарды қайта алып келді. Ал жақын арада мектептер мен балабақшалардың бюджеттерін облыстық деңгейге беру жөніндегі бастама – бұл мұғалімдердің еңбегін өз қалауы бойынша пайдалануға үйренген аудан және ауыл әкімдеріне дауа болды. Енді сұрақ туындайды: Асхат Қанатұлы қанша дөкейдің тынысын тарылтып, жолдарын кесіп өтті? Енді ол дөкейлер Ғылым және білім министрлігіндегі тәртіпті қалпына келтіруге тырысып жүрген жас максималистке қалай жауап береді деп ойлайсыз? Ал олар міндетті түрде жауап береді! Алғашқы соққылар басталып та кетті – диссертацияны плагиат деп айыптау, вице-министрді ақша жымқырды деп күдіктену … Сонымен, солай оны қызметінен кеткенше…” , – деп ойын жеткізді продюсер.

    “Иә, біздің жүйеде күресуге болатын және күресуге болмайтын дүниелер бар. Себебі, жүйедегі біраз дүние біраз адамның жеке меншік бизнесі. Ал, елге қаншалық кесірі тиіп жатса да, білім саласын қаншалық кері тартып тұрса да, оған тиісуге болмайды.
    Асхат Аймағамбетов әуелден министр боп келіп қадамдарын бастаған кезде, көп істерін қолдадым. («Аятжанның да министрге көңілі толатын кезі болады екен» деп күлгендер де бар.) Бірақ, министрдің кей істерін Дон Кихоттың тірлігіне баладым. Себебі, біздің жүйеде қазірге мүмкін емес істер бар. артында “көкесі” бар, неше ондаған жыл қалыптасып кеткен, триллиондар айналымдағы дүниемен күресу тым қиын. Кезінде осындай істерін көріп, Асекеңнің кей жобасына министр түгілі, премьер-министрдің шамасы келетініне күмәнданам деген едім. Иә, біздің жүйеде күмәнді.
    Асекең біріншіден, жас, максимализм бар, екіншіден анау аудандық білім бөлімінен бастап, министрге дейінгі лауазымды басып өткен, саланы ішінен білетін адам ретінде жай қарай алмайтыны ақиқат. Бей жай қарамайды екен, дәл қазіргідей шабуылға да министр креслосынан кеткенше дайын болуы керек. Күресте не бел кетеді, не белбеу кетеді.
    Шабуылдар болатыны түсінікті шығар, ә?” – дейді Республикалық «QAZBILIM» орталығының бас директоры Аятжан Ахметжанұлы.

    Білім министрін қорғауды мұғалімдер де қолға алған. Бастапқы да Анар Қайырбекованың мәлімдемесіне ере кеткен мұғалімдер бүгінгі таңда жақтауға кірісіпті.

    “Мұғалімдер сайлаудағы көзсіз ерлігін тағы бір рет паш етті. Асхат Аймағмбетовтың ары таза. Оны бір жапырақ жазба құлата алмайды. Сіздер, мұғалімдер керісінше мнистрдің арына сенбедіңіздер. Керісінше министрдің салмағын салмақтай алмадыңыздар. Масқара. Анар Қайырбекованы көкке көтердіңдер керісінше… Оның жазбасының құндылғын арттырдыңдар!!! Мен тек әркімнің ар ожднына сенемін. Бұндай жирекенішті табынушылықты қашан қоямыз? Мұғалім сараптама жасай алмаса, оқушыға қандай тәрбие бере алады? Елден жұрттан ұят-ай! Министрді ұятқа қалдырдыңдар”, – дейді мұғалім Ақмарал Шатемірқызы.

    Расында, министрдің қылмысы әшкере болып, оның әлі ақ-қарасы анықталмаса да төбелері көкке жетіп қуанатын халықты көріп тұрғанымыз жоқ. Көпшілік білім министріне тағылып жатқан бұл айыпты аяқтан шалу деп, оны орнында қалдыру үшін пікір қалдырып, барынша оны жақтауға кірісті. Бұл еліміздегі бірінші рет орын алып отырған, таңқаларлық жаңалық деп айтсақ қателеспеген болар едік. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде Асхат Аймағамбетовты қолдап, оның жасаған оң әрекетерін тізіп шығарып жатқан адамдарды кездестіру қиын емес. Анар Қайырбекованың мәлімдемесі шыққаннан бастап бүгінгі күнге дейін Аймағамбетов орнында қалсын деген халықтың талабы ендігі уақытта орындалады ма екен?

     

    қатысты посттар

    Шу ауданында қос бірдей білім ошағы салынуда

    Фариза

    Мектептерде жыныстық тәрбие бойынша жұмыс істеу керек – Тұрғымбаев

    Фариза

    Барлық өңірде мектеп директорлары жаппай ауыстырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.