32 C
Алматы
Сейсенбі, 4 Тамыз 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қоғам

    Бүгінгі қоғамның санасы жиіркенішті деңгейге түсіп кеткені қалай? Суреттер сөйлесін

    Соңғы уақыттарда адамдардың табиғат пен жануарларға көрсеткен өрескел әрекеттері күннен-күнге артып барады. Адамдар өздерінің қызығушылықтары мен қатігездіктерінің әсерінен оларға аяусыз қасірет әкелуде. Қарапайым күнделікті адамдар жүретін орындардан бөлек, демалуға арналған аймақтардың өзі қоқыстан көз ашпайды. Соған байланысты бүгін Президент
    Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдіріп, табиғатқа алаңдаушылық білдіргендердің уайымы орынды екендігін жеткізді.

    “Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті “Көбейтұз” көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды”, – деді ол.

    Расында, коронавирус індетімен арпалысып, жағымсыз жаңалықтардан шаршаған қарапайым халыққа бұл екі есе ауыр соққы десек, қателеспеген болар едік. Кейбір мәдениеттен алыс адамдардың әсерінен табиғат пен жануарлар адамдардан қорлық көруде.

    Қоғамда қызу талқыланып жатқан Көбейтұз көлі. Карантиннен әбден қажыған халық еліміздегі індеттің өршеленіп бара жатқандығына қарамастан көлге барушылардың саны артқан. Тіпті, карантин ережелері, арақашықтық сақтау секілді қарапайым ережелерге де мән бермеген. Ал ең сорақысы адамдар Көбейтұз көлінің тұзын алып, оларды коронавирусқа қарсы ем ретінде 5000 теңгеден жоғары бағада сатуды қолға алған.

    Ал Бурабайдағы жағдайды айтудың өзі қорқынышты. Жағажайға демалуға келген адамдар үйілген қоқыстардың арасында жүр.

    Дәл осы жағдай Алматыдағы Көк жайлау табиға саябағында да басты мәселеге айналып отыр. Тауға шығуға келген адамдар қоқыстарын қалаған жерлеріне тастап, табиғатқа зиянын тигізуде.

    View this post on Instagram

    Эта была моя последняя капля терпения, то что сегодня я увидел это было просто ужас, на протяжении 6 лет которые я ходил в горы такое вижу впервые! Столько мусора даже на свалке нет. Бутылки от водки пива, тарелки, ложки кружки, обвёртки и много разного хлама. Да, Кок жайлау является излюбленным местом для туристов, но то что вы натворили за два дня это просто катастрофа для нашей Эко природы!мусор лежал везде, вдоль тропы на полянках где стояли палатки ⛺️, даже некоторые личности во время ночёвки ночью не хотели далеко идти от своей палатки, и ходили в туалет по большому вдоль тропы. Я не говорю что там никогда не было мусора, всегда друзья старались убирались за другими. Но количество мусора за эти выходные просто превысили все нормы. По информации социальных сетей, и когда понимался на закат 🌅 на кок жайлау тобиш в ночь с 23-24 там организовывали кино ночь @steppe_spirit @gornomen @mountainkings.kz @gladiatr.almaty @kyran_talapbek и возможны были другие компании, если есть информация пишите добавлю! Так же были просто туристы которые самостоятельно пришли ночевать на кж. Но я сам являюсь свидетелем того что 70% туристов прибыли на киноночь!!! Это обращение ко всем, тем кто неравнодушен к порче нашей Эко природы, до каких пор люди будут оставаться безнаказанным, при этом зарабатывая деньги 💰! @akimat_almaty прошу обратить внимание! Мусор мне никогда не сложно собирать, но сегодня я просто не смог столько унести ! Ребята поддержите репостом🙏🏾 @ecology__planet @club.ecologyoflife_almaty

    A post shared by Nurbol (@nuryk_tri) on

    Ал мына бикеш болса, елімізде сирек кездесетін “Қызыл кітапқа” енген гүлді суды кешіп өтіп алған. Бар мақсат лотос гүлімен суретке түсу.

    Бұл суреттер арқылы бізге жеткен нақты дәлелдер ғана. Ал бұдан бөлек біз көрмеген дүние қаншама.

    Мұндай қатігездік, тіпті балалардың арасында жоқ емес. Маңғыстау облысындағы мына балалар судағы итбалықты өлгенше сабаған.

    Ал бүгін белгісіз адамдар жаңадан туған иттің күшіктерін шелекке суды құйып, ішіне салып кеткен. Жарық дүниеге енді ғана келген тіршілік иелерін дәл бұлай қинау қандай санасыз адамның миына жетті екен?

    Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын Атыраудағы мына жігіттің итке жасаған азғындық әрекеті жұртты шулатқан болатын.

    Міне, бұл – біздің қазіргі қоғамның көрінісі. Расында, көрген адамның жағасын ұстатар мұндай қатігездік, мұндай мәдениетсіздік адам ойына қайдан келеді немесе мұндай әрекетке барғандарды адам деп айту дұрыс па? Сөйлер тілі жоқ табиғат пен адамға шамасы жете бермейтін жазықсыз жануарлар кімге соншалық осынша қиянат жасайтындай зиянын тигізіп жатыр? Біздің елдің азаматтарының бүгінгі таңдағы санасының көрінісі осындай жиіркенішті деңгейге дейін түсіп кеткені ме? Ел болып бірігіп індетті жеңуге кірісер азаматтар, керісінше, артқа тартар тірлік істеп жүргені мынау?

    Похожие записи

    Нұр-Сұлтанда құқық қорғау қызметкерлерінің тұрғынды аяусыз ұрған әрекеті видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Астаналық көп балалы аналар Парламентке басып кірді

    “Ашқұрсақ халықты алдау оңай” Жұлдыздар ойнататын лоторея қаншалықты шынайы?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − 14 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.