12 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Алексей Цой ауылдарда коронавирусты анықтайтын ПТР тесттерді жасауға мал дәрігерлерін тартуды ұсынды

    Бүгін үкімет отырысында баяндама жасаған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аймақтарда коронавирусқа анықтайтын ПТР тесттерді жасауға мал дәрігерлерін тартуды ұсынды.

    Министрдің айтуынша, коронавирусқа анықтайтын тестерді мал дәрігерлік зертханаларда жасауға болады.

    «Бүгінде тәулігіне 32 мың адамнан коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест алынады. Мұны тәулігіне тағы 8 мыңға өсіру керек. Ол үшін мал дәрігерлік зертханаларды пайдалануға болады, олар тәулігіне 5,2 мың тест зерттеуін жасай алады. 1 тамыздан бастап бұған 67 мал дәрігер қызметкерін тартуға болады. Осылайша ауыл шаруашылығы министрлігі зертханаларының арқасында аймақтардағы ПТР тест тапшылығы шешілер еді», – деді А.Цой.

    А.Цой ПТР тест жасау артатындықтан, жыл аяғына дейін республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлуді сұрады. Министрдің есептеуінше, 42  ПТР тест жасау үшін қосымша 42 миллиард теңге керек. Ал ПТР тест жасайтын 67 мал дәрігер маманға 170 миллион теңге керек екен.

    қатысты посттар

    Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады: Министрлік түсініктеме берді

    Фариза

    Жамбылда  18 компьютерлік томография аппараты жұмыс істеуде

    Фариза

    Атыраулық медбикелер «вакцина паспорты» үшін 100 мың теңге алып отырған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.