14 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 30 дәріханаға мониторинг жүргізіледі

    Қызылорда облысында 100 млн теңгені құрайтын халыққа қажетті дәрі-дәрмек
    әкелінді. Атап айтқанда, дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы, бактерияға қарсы,
    витаминдер және т.б. препараттар. Аталған дәрілік заттар Қызылорда облысының барлық
    фармацевтикалық желісіне бөлінеді.

    Өңірде күн сайын дәрілік заттарға арнайы мониторинг жүргізілуде. Мониторинг
    топтың құрамында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын
    бақылау департаментінің қызметкерлері, құқық қорғау органдары және қоғам белсенділері
    мен БАҚ өкілдері бар.

    Осы аптада «Alexey Sultan Akhmet» ЖШС, «Сенім» ЖШС, «Қызылорда теміржол
    ауруханасы» ЖШС, «Достармед Line» ЖШС емханаларына және қаланың 30
    дәріханасына мониторинг жүргізілетін болады. Бұдан бөлек, кеше мониторингтік топ
    қаладағы батыс мөлтек ауданының дәріханаларын тексеріп, тұрғындарға керек
    препараттардың бар-жоғына және бағасына мониторинг жүргізді.
    Күнделікті мониторингтік топ тұрғындардың сұранысына ие дәрілерді қай
    дәріханада бар екені жөнінде ақпарат береді.

    Айта кетейік, аталған ақпаратты департаменттің «Сапа қауіпсіздік бақылау»
    фейсбук парақшасынан көре аласыздар.

    қатысты посттар

    Қызылордада азық-түлік бағасының тұрақтылығы бақылауда

    Фариза

    Болат Назарбаев жылқы сыйлаудан бас тартқан кәсіпкерді түрмеге отырғызды

    Фариза

    Кезектен сызамыз деді. Ақсуда көпбалалы аналарды жаман үйге мәжбүрлеп кіргізген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.