Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте эпидемиологиялық жағдай қалыпқа түсе бастады

    Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қалабасшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқанжұмыстарын баяндады.

    Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Рустам Албаев және Жеделмедициналық жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерініңорынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады. Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелгенстатистикалар мен жүргізіліп жатқан ем жөнінде сөзқозғаса, Ш.Оспанова жедел жәрдем қызметі бойынша ахуалқалыпқа түскенін және өзекті мәселе жоқ екенін жеткізді. Осы ретте Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті мамандарға біркүнде 30 мың шақырту қабылдай алатын диспетчерлікорталықтың ашылуын тездетуді тапсырды. Сондай-ақ штаб отырысында бүгінде 323 ИВЛ (өкпені механикалық желдетуаппараты) аппараты алдағы уақытта 475-ке жеткізужоспарланып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар қалааумағында барлық 24 ауруханаларда бір күнде 1200 кислородты баллон қажеттілігі айтылды. Осыған орайқазіргі таңда Шымкент қаласында кислород өндіретін 5 мекемемен келісімшартқа тұрып, кислородты баллондарбарлық ауруханаларға тұрақты түрде жеткізілуде екен.

     

    Өз кезегінде қала әкімі эпидемиологиялық ахуалдыжақсарту барысында халыққа қажетті дүниелерді іске асырубарысын тездету керектігін қадап айтты.

     

    – Екі күндеп шешім шығаратын уақыт жоқ. Жұмыстышұғыл түрде нақты бір жүйеге қоюуымыз керек. Алақпараттарды уақытылы жеткізуіміз керек. Бұл жүйереттеліп, ендігі кезекте қала тұрғындары «Сovid-19 Шымкент» сайты арқылы бүгінгі жағдайға байланыстымәліметтерді толық алып отырады, – деді М.Дүйсенбекұлы. Оған қоса, қала әкімі тиісті мамандарға мемлекеттіккүндізгі стационарларға бекітілген арнайы ережетаратылуын тапсырды. «Яғни, науқастар емнің тегін екенінбілуі керек. Егер медицина қызметкері ем үшін дәрі-дәрмексұраса, «109» нөміріне хабарласып, құқықтарын қорғауғамүмкіндіктері бар», – деді өз сөзінде қала әкімі.

     

    Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері ӘбдіманапТөлебаев залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрдежүріп жатқанын жеткізіп, арнайы мониторингтік топтыңжұмысы нәтижесінде қалада дәріханалардағы дәрілерлердіңбағасы тұрақтала бастағанын алға тартты. Одан бөлек, айыппұл салу жұмысы күшейгенін тілге тиек етті. Яғни, енді тұтынушыларға есепшот бермеген дәріханалар да әкімшілік жауапқа тартылады.

     

    Жиын барысында қаладағы дәрілік заттар сақтайтынқоймалар мен дәріханадағы дәрілердің жетіспеушілігібүгінде жақсара түскені айтылды. Бұл мәселені шешужөнінде шет елдерден ең керекті дәрі-дәрмектер алынған. Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы дәріханаларда 11 893 – қызу басатын дәрі, 40 845 – антикоагулянттар, 90 106 – бактерияға қарсы терапия, 81 175 – вирусқа қарсы дәрі, 907 – аскорбин қышқылы және 87 148 жеке қорғану құралдарыбар.

     

    Штаб отырысында М.Әйтенов баяндамашыларды тыңдапболған соң, әр саланың басшыларынан түйткілдімәселелерін сұрап, ол мәселелер лезде шешілетінінжеткізді. Сондай-ақ тиісті мамандарға жан сақтаубөліміндегі ахуалды қалыпқа келтіруді тапсырып, реанимациядағы бос орындар санын 60 пайызға түсірукерек екенін айтты. Ал провизорлы орындар жеткіліктігін, қазіргі таңда олардың 40 пайызы бос екенін алға тартты. Осы ретте М.Дүйсенбекұлы Шымкент қаласы әкімініңорынбасары Нұрсадық Ергешбектен жақында ашылғалыотырған провизорлы орталық жайында сұрады. Орынбасардың айтуынша, бес қабатты 1500 орындықпровизорлы орын ашылады. 1-2 қабатта – 300 орын, 3-4-5 қабатта 1200 орын болады. Медициналық кислородтыбаллондармен толық қамтылады.

     

    Жиын соңында қала басшысы қалада шектеу шараларыкүшейіп және эпидемиологиялық ахуалды жақсартумақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардыңнәтижесінде бүгінде жағдай қалыпқа түсе бастағанынжеткізді. Дегенмен бұл жұмыстарды әлі де күшейту керекекенін айтты.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте арнайы оқыту құралдары әзірленді

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова жаңа автобустарды табыстау рәсіміне қатысты

    Фариза

    ШҚО-да тұңғыш рет өткізілген 140 шақырымдық ат бәйгесі өз мәресіне жетті

    Пікір қалдыру

    11 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.