11 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкенттегі провизорлық орталықта 181 науқас емделіп шықты

    Шымкентте жедел респираторлы вирустық инфекциясынашалдыққан және пневмония жұқтырған науқастардыңсауығуына барлық жағдай жасалуда. Індетпенкүрескендерге қолдауын кәсіпкерлер де көрсетуде.

    Жаңа провизорлық орталықтың ашылуына мұрындықболған Балтабай Асан жақын арада оттегі баллоныншығаратын өндірісті іске қоспақ.

     

    Шымкентте «Самал -3» шағынауданындағы жаңа мектепғимаратында маусымның 28-іне ашылған провизорлықорталықта бастапқыда 344 науқас қабылданған. Бүгінгітаңда олардың 181-нің жағдайлары жақсарып, үйлерінешығарылды дейді осындағы дәрігерлер. Толық айығып кету үшін науқастарға ем нұсқаулығы беріледі. Сондайнұсқаулықпен тұрғын Абдуғалла Қылышов провизорлықорталықтан шығарылды. Ол өкпесінің екі жағы қабыныпосында түскен болатын.

     

    Абдуғалла Қылышов, тұрғын: «Дәрігерлерге  рахмет. Осылардың арқасында тіршілік жасап жатыр халық. Құдайға шүкір. Аман болсын. Балаларының рахатын көрсін. Өмірлері ұзақ болсын. Коронавирус ауруы бізден кетсін».

     

    Провизорлық орталықта науқастарға 21 дәрігер, 51 медбике, 19 санитар қызмет көрсетуде. Орталыққа денсаулығы сыр беріп өздігінен келген, не жедел медициналық жәрдемқызметімен жеткізілген азаматтар қабылданады. Өкпесіқабынған азаматтардың тыныс алу жолдарын жақсартуғаарналған Бобров аппаратына провизорлық орталықтағы 34 оттегі баллоны жүйесі қосылған.

     

    9 шілдедегі мәліметтер бойынша 163 науқастың 18-і өткірреспираторлық вирус инфекциясын жұқтырған, қалғандарыпневмониядан емделуде. Провизорлық орталықтыңашылуына, науқастардың тез сауығып кетуіне демеушілікжасаған Балтабай Асан  жақын арада оттегі баллоныншығаратын өндіріс іске қосылатынын жеткізді. Қауттылығытәулігіне 1100 баллон.

     

    СК «Фармация» жеткізген дәрілер таусылғанда кәсіпкер өзқаржысына дәрі-дәрмектер мен қажетті құрылғыларменқорды үнемі толықтырып отырады. Қаладағыэпидемиологиялық жағдай өршіп тұрғанда дәрігерлержерлестерімізді өз денсаулығына мұқият болуға шақырады.

     

    Динара Қадырбаева, №14 емдеу орталығының бас дәрігері: «Ауырып қалсаңыз, үйде өздігіңізден емделмеңіз. Дәрігерлердің көмегіне жүгініңіздер. Үйлерінде ем қабылдап түрлі антибиотик қабылдағандар интоксикация болып оларды емдеу қиынға түсуде. Өздеріңіздіңжақынадрыңыздың өмірлеріне қауіп төндіруден аулақболыңыздар.

    Шымкенттіктерге жұқпалы аурулар емханаларынан бөлекқала аумағындағы емханалардың жанында ашылған күндізгістационарлар мен және де бірқатар мекемелердеыңғайластырылған стационаларда медициналық көмеккөрсетілуде».

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылордада тойханалар басқа кәсіпкерлік нысандарына беріліп жатыр

    Фариза

    Қызылордадағы шыны зауытының құрылысы 70 пайызға аяқталды

    Фариза

    Б. Сапарбев – Әрбір іс-шараны есеп үшін емес жоғары деңгейде өткізілуіне басымдық берілуі тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.