11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Экономика

    Тоқаев экономикалық өсімді қалпына келтіру мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуді қолға алды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Бүгін біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз. Сонымен қатар, биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 пайыз). Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық. Менің тапсырмам бойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды”, – деді Президент.

    Президенттің айтуынша, бүгін Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шараларын талқыланады.

    “Бүгінгі жиынның жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуді ұсынамын:
    Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин баяндама жасайды. Ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндайды. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цой баяндайды. Сосын бірқатар облыстың басшыларына сөз беремін. Қажет болса, басқаларға да сөз беріледі. Қысқа әрі нұсқа, негізгі мәселелерге тоқталыңыздар”, – деді Мемлекет басшысы.

    Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видеобайланыс арқылы өтіп жатыр.

    Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли “жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беретінін” атап өткен. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

    Соңғы мәліметтер бойынша елімізде 54 747 адам коронавирус жұқтырды. 31 815 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болды.

    қатысты посттар

    Алматыда 1276 көп балалы отбасы пәтерге кезекте тұр

    “Банктер біздің азаматтарымызды қаржылық құлдыққа итермелейді” – Владимир Божко

    “Бизнес одан сайын құлдырайды”: кәсіпкерлер тексерістердің басталуына наразы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.