14 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз – Тоқаев

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталатынын айтып, жердің шетелдіктерге сатылмайтынын жеткізді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек”, – деді Тоқаев.

    Сондай-ақ ол 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталғанын айтты.

    “2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталды. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз”, – деді ол.

    қатысты посттар

    Дариға Назарбаева лайықты жазасын алды

    Фариза

    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеонға жерленер едім

    Фариза

    “Денесі ашық қалған…” шенеуніктің интим суреттері желіде таралды

    Пікір қалдыру

    3 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.