14 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Өскеменде полиция басқармасының басшысы коронавирустан қайтыс болды 126

    Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев коронавирустан қайтыс болды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    20 маусымда полицейдің коронавирусқа тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Алайда одан кейін денсаулығы нашарлай түскен.

    Полиция полковнигі Даур Ибраев – Семей қаласының тумасы, кадр офицері, 2000 жылдан бастап ведомстволық ЖОО-ны бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы полициясының жедел-тергеу бөлімшелері лауазымдарында жұмыс істеді. Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерінде басшылық етті. 2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы қызметіне келген.

    “Қызмет барысында өзін тәртіпті және сауатты офицер ретінде көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге елеулі үлес қосты.

    ШҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органдары мен ШҚО Ұлттық гвардиясының ардагерлер кеңесі полицейдің туыстары мен жақындарына өңіл айтады”, – делінген хабарламада.

    қатысты посттар

    Қазақтың тойын карантин де, коронавирус та тоқтата алмайды

    Фариза

    Вакцина қабылдаған жамбылдықтардың саны 300 мыңға жуықтады

    Фариза

    Жұмыссыз отырған халық керекті заттарын алу үшін қаражат таппай ұрлыққа барады – Марғұлан Сейсембай

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.