9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шиелі ауданында «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында 21 жоба жүзеге асырылуда

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» мемлекеттік
    бағдарламасы аясында Шиелі ауданында әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық
    шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу
    жұмыстары жүргізілуде.

    Аталған бағдарлама аясында ауданға 3 млрд.астам қаржы бөлініп, 21 жоба жүзеге
    асырылуда. Осы жобалар бойынша жаңадан 751 жұмыс орны құрылады деп
    жоспарлануда. Оның ішінде 378 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы алынады.
    Бүгінгі күні «Шиелі-20 бекет» учаскесіндегі 2945 шақырымындағы қос жолды
    темір жол арқылы автомобиль жолы көпірін салу» жобасы бойынша мердігер мекеме анықталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл жоба шеңберінде 168 тұрғын жұмыспен
    қамтылатын болады.

    Сондай-ақ, «Шиелі ауданындағы «Самара-Шымкент-Тартоғай» автомобиль
    жолының 7,4 шақырымын орташа жөндеу» жоба жеңімпазы анықталып, 62 жаңа жұмыс
    орны ашылуда.

    Мұнымен қоса, Жиделі елді мекенінде 150 орындық ауыл клубы салынып, аудан
    орталығындағы Көкшоқы мөлтек ауданындағы көшелерде жарық жүргізілуде.
    Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

    қатысты посттар

    “Бір адамға 500 мың теңге…” – ақша айырбастау ережелерінің көңілге қонымсыз тұстары

    “Ағатай, мені неге тірідей көмдіңіздер?” – балабақшадағы қайғылы оқиға

    Қызылорда: Сырдария ауданында тұмауға қарсы екпе жұмыстары 64,5 пайызға орындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.