22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: СПОРТ КЕШЕНІНЕН 450 ОРЫНДЫҚ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР АШЫЛУДА

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтіңтапсырмасына сәйкес, қаламыздағы  жеңіл атлетика спорт кешенінен қосымша 450 орындық күндізгі стационар дайындалуда.

    Орталықта ЖРВИ және пневмония жұқтырған науқастар ем қабылдайтын болады. Мұнда 450 кереует орналастырылды. Оның 350-і ОҚМПУ жатақханасынан жеткізілсе, 100 кереует демеушілер есебінен алынды. Бүгінде дәнеркелеужұмыстары қызу жүріп жатыр. 1 шілдеге дейін 450 орынтолығымен дайын болады.

    Сонымен қатар, қажетті дәрі-дәрмектерді сақтауға жетітоңазытқыш жеткізілді. Мамандардың айтуынша, күндізгістационарға 50 дәрігер, 75 мейірбике, 20 санитар қызметкері қажет болады. Спорт кешеніндегі жұмыстыүйлестіруге қаладағы №5 емхана ұжымы жұмылдырылады.

    Айта кету керек, бұл стационар таңғы 8-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

    Қазіргі таңда қалада жұқпалы ауруларды қабылдайтын 2870 төсек-орын бар. Оның ішінде  2220 орын – провизорлы, 650 орын жұқпалы ауруға шалдыққан науқастарға арналған. Бүгінде 447 орын бос. Маусым айында ЖРВИ жұқтырғандар саны 2 есеге, пневмониямен ауырғандарсаны 6 есеге көбейген.

    Осыған орай, Самал-3 шағын ауданындағы жаңа мектептен – 400 орындық, Политехникалық колледжінен – 400 орын, ҰОС ардагерлері орталығынан 100 орындық провизорлыорындар ашылды.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    «Таразға Тарту» жобасы сәтті жүзеге асуда

    Фариза

    Шымкент: Бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

    Фариза

    Шығыс Қазақстан соя мен жүгеріні ҚХР-ға экспорттайды

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.