-3 C
Алматы
Сенбі, 28 Қараша 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬГЕ БАРЫП, ПРОВИЗОРЛЫ, КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАРДЫ АРАЛАДЫ

    Жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысубарысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық денсаулықсақтау басқармасы басшысының уақытша міндетінатқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайдыбаяндады. Айтуынша бүгінде инфекциялық госпитальде 77 палата және 2 реанимациялық зал бар. Оттегі жеткілікті. Мұнда covid 19 және пеневмонияға шалдығып, денсаулығыауыр жағдайдағы науқастар түсуде екен.

    «Госпитальдің жансақтау бөліміне түсіп, кейін денсаулығыоңалып тұрақталған, алайда бірнеше күн тағы дәрігербақылауында болуы керек науқастарды провизорлықорталықтарға ауыстырып, ауыр жағдайдағы науқастарғаорын дайындау жағын қарап, шешіңдер. Жедел жәрдемқызметкерлері ары-бері сандалмауы керек», – дегентапсырмасын берді қала әкімі.

    Мұнан кейін Мұрат Әйтенов Қазығұрт шағын ауданындағы№86 мектепте дайындалып жатқан күндізгі стационарғабарды. Ғимаратта жүзден астам науқасты қабылдауғамүмкіндік бар. Тағы орын қажеттілігі туындаса, нысанныңекінші қабатын да қолдануға болады. Бұл күндізгістационарға дәрі жеткізу мәселесі де шешілген. Дәлосындай стационарлар Сәуле, Ақжар шағын аудандарындада дайындалуда екен.

    Сонымен қатар, әкім пневмонияға шалдыққандардықабылдап жатқан провизорлық орталыққа барды. 100 орындық Ардагерлер үйінде қазір 25 науқас ем қабылдауда. Бұл жөнінде №2 емханасы Бас дәрігерінің орынбасарыЭ.Ермекбаева айтты.

    «Жедел жәрдеммен жеткізілген науқастарға алғашқымедициналық көмек көрсетілуде. Егер де ауруханағажатқызылу керек жағдай болса, бос орындар бар. Екіауысымда 20 дәрігер жұмыс жасауда. Науқастардыңжағдайы тұрақты» – дейді ол.

    Сондай-ақ, жеңіл атлетика манежінде күндізгі стационар ретінде бес жүзге жуық төсек-орын дайындалуда. Қала әкіміспорт кешенінде болып, ондағы жұмысты үйлестіру жәнеқажетті жабдықтармен қамту мәселесі бойынша нақтытапсырмалар берді.

    «Мұнда келуші науқастар еш қиындықсыз емделуі керекжәне халықты күттірмеңдер. Басты мақсат – әрбір адамныңем алуы қолжетімді болуы тиіс» – деді МұратДүйсенбекұлы.

    Мұнан өзге қала басшысы ауыр жағдайдағы науқастар ғанаемес, жеңіл формадағы аурулар үшін де барлық жағдайдыңдайын болуы үшін нақты тапсырмалар берді.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандардағы карантиндікталаптардың сақталуын өзі көріп қайтты.

    Г. ҚАПАЛ

    Похожие записи

    Шымкентте «Мектепке жол» акциясы аясында 42 мыңнан астам балаға көмек беріледі

    Фариза

    Шымкентте қос науқасқа бүйрек трансплатациясы жасалды

    Фариза

    Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 8 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.