9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Талғат Меңдібаев: Бас қала – Қазақстанның басты бренді

    Елорда – сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қала. Бас қаламыздың бүгінгі көркі жанымызды шымырлатып, сұлулықтың жылы лебімен тербейді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтататады.

    Қазақстан Республикасының астанасы күні 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады.

    Бүгінде Нұр-Сұлтан – әлемдік саяси көшбасшылардың, серіктестер мен инвесторлардың, түрлі конфессиялар мен діндер, мәдениет пен өнер өкілдерінің кездесетін орны болып табылады.

    Ол – әлемдік құрылыстың жаңа идеяларына негізделген ең батыл сәулет жобаларының іске асатын шаһары.

    Бұл күндері жас Елорда бүкіл елді нық жетелеп, жаңа өзгерістердің қозғаушысы, барлық жолдардың түйіскен орталығы болып, жаңа Қазақстанның басты брендіне айналды.

    Сондықтан да барша қазақстандықтар өз армандарын, үміті мен болашағын елордамен байланыстырады. Солардың қатарында Қызылорда облысы да Астанада өткізілетін түрлі шараларға белсенді қатысып келеді.

    Еуразия кіндігіне орналасқан алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар жаңа Астана бүгінде әлемдік саясатта ықпал жасайтын, Қазақстан жайында түсінік қалыптастыратын, қазіргі заманның ең ірі геосаяси жобаларының бірі.

    Халықаралық дәрежедегі спорттық ойындар мен әлемдік ауқымдағы басқосулар өтетін, сәні мен салтанаты келіскен, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ХХІ ғасырдың көркем сәулетті қаласы – Нұр-Сұлтан арман емес, ақиқатқа айналған, қиял емес, азғана уақыт аралығында қолымыз жеткен шынайы тарихи жетістік.

    Кең болсын Қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі,

    Алаштың баласына нәсіп болған Құтты болсын, Нұр-Сұлтан мерекесі!

    Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан астанамыз өсе берсін!

    Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын!

    Талғат МЕҢДІБАЕВ,

    «Кітап құрттары» клубының жетекшісі

    қатысты посттар

    Сағынтаев: Мемлекет бөлген, халық игілігіне жұмсалған қаржы босқа кетті (видео)

    Сырдария ауданына оттегі концентраторы жеткізілді

    Фариза

    Қазақстанда Конституциялық сот құрылатын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.