22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сабыржан Кеңшілік: Тәуелсіз Қазақстанның бағдаршамы

    Астана – бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны. Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.

    Еліміздің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы тарихи шешім 1997 жылы қабылданды. Ал ресми түрде әлем картасында пайда болған жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтіп, 6 шілде – Астана күні деп белгіленді.

    Жиырма жылдан аса уақыт тарих беттерінде қас-қағым сәт болғанымен, еліміздің тарихындағы елеулі үлесі мен өзіндік орнын бекітті. Еуропа мен Азия арасындағы алтын дәлізде орналасқан жаңа Астананың саяси-экономикалық маңызы еселене түсті. Астана әлемдік деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланатын бірегей диалог алаңына айналды.

    «Осында, ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Елорда біздің республикамыздың күш-қуаты іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Бүгінде Астанада Қазақстанның барлық өңіріндегі сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Астананы және жаңа Қазақстанды құрудың негізі, міне, осылар», – деген болатын Тұңғыш Президент Н.Назарбаев.

    Тәуелсіз ел тарихының куәсі Астанамызда әлі талай қазақ елінің жарқын болашағын бағдарлайтын тарихи шешімдер қабылданатыны сөзсіз.

    Сабыржан КЕҢШІЛК,

    Қызылорда қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры.

    қатысты посттар

    Әйелдерге ғана берілетін ипотеканың шарттары өзгерді

    Фариза

    Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтірді

    Фариза

    Тимур Құлыбаев “Атамекен” ҰКП төрағасы қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.