13 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мейірбек Даубалаев: Бейбітшіліктің мәңгілік символы

    Қазақстан егемен ел болып туын тұғырлы еткеніне 30 жыл тола қоймаса да, әлем елдері санасатындай дәрежеге жетті. Бұл алдымен осындай аз уақыттың ішінде дамудың даңғыл жолына бастаған басшылардың білгірлігінде десек, одан қалды халықтың бірлігінде дер едім.

    Міне, осындай бірліктің арқасында биік белесті бағындырған елдің мақтанышпен айтар жетістіктері көп. Солардың бірі Сарыарқаның сайын даласынан бой көтерген Нұр-Сұлтан қаласы.

    Иә, Алатаудың баурайын астана еткен қазақ елі бас қаланы Ақмолаға көшірсе, 1998 жылы ресми түрде атауы ресми түрде Астана деп ауыстырылды.

    Міне, сол уақыттан бері еңсесі биік елдің беделін одан әрі биіктете түсетін қала бой көтерді. Аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың мекеніне айналған қаланың атауы өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Көрген жан тамсанатын, көрмегеннің арманына айналған асқақ астанаға шетелдіктердің берер бағасы жоғары. Бұл тек қаланың ғана емес, халықтың да биіктігі мен мәртебесі.

    1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағын иеленген Нұр-Сұлтан бейбітшілік сүйер елдің мәңгілік символына айнала бермек.

    Мейірбек ДАУБАЛАЕВ,

    заңгер, Адвокаттар алқасының мүшесі

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕМХАНАЛАР ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

    Фариза

    Қызылорда облысындағы мәдениет ұйымдарының үйірмелері жан-жақты жұмыс жасауда

    Фариза

    Қызылордада жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.