11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Танымал журналист Қуандық Шамахайұлының неден қайтыс болғаны анықталды

    Қазақстандық танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қайтыс болды. Бұл ақпаратты Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы растады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қуандық Шамахайдың 23 маусымда COVID-19 жұқтырды деген күдікпен жедел жәрдем қызметі арқылы ауыр халде ауруханаға түскенін хабарлады.

    “Осы уақыттан бастап ол №1 көпсалалы қалалық ауруханасына жатқызылды. Қойылған диагнозы: ауыр дәрежедегі анықталмаған этиологияның екі жақты полисегменталды пневмониясы. Емдеу диагностикасы мен емдеудің клиниқалық хаттамасына сәйкес жүргізілді. Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады”, – делінген басқарма хабарламасында.

    Шамахайұлы бүгін түнде Facebook-парақшасындағы соңғы жазбасында түнгі 2:00-де ұйқысынан оятып, дәрі бергенін, бірақ оның нақты қандай дәрі екенін айтпағанын жазған еді.

    Басқарма мәліметінше, 29 маусымда танымал журналистің жүрегі тоқтап қалған. Реанимацияға қарамастан, науқас қайтыс болған. Қазір өлімнің себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен.

    Қуандық Шамахайұлы 1960 жылы Моңғолияда туған. Ұланбатырдағы Моңғолия мемлекеттік университетінде журналист амандығы бойынша білім алған. ҚР мәдениет қайраткері, Ақпарат ісінің үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.

    Журналистикадан бөлек жазушылықпен де айналысқан. “Таскене”, “Сексеуіл бүршік жарғанда” романдарының, “Кішкентай адам”, “Сағым жыл” әңгімелерінің авторы.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында волонтерлар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

    Фариза

    “Түркістан тұрғыны өзін көп алдында өртемек болды…”

    Мүгедектерге қарайтын көмекшілер жалақысы екі есеге қысқарды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.