15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қызылорда облысы

    Қызылорда облысында «Qutty meken» жобасы жүзеге асырылуда

     «Жұмыспен қамтудың 20202021 жылдарға арналған Жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру бойынша «Qutty meken» партиялық жобасы аясында әлеуметтік-мәдени нысандарын бақылау мақсатында құрылған мониторингтік топ Мәншүк Мәметова атындағы жоғарғы педагогикалық колледж ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізді.

    Мониторингтік топ жоба бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жөндеу жұмыстарының сапасын, құрылыс мерзімінің сақталуын және бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын қадағалап, бақылауға алды.

    Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың 20202021 жылдарға арналған Жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру барысында жұмыссыздарды тарту мәселесін талқылап, мердігер мекемелерге аталмыш бағдарлама аясында жұмыс жасау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.

    Қазіргі таңда мердігер мекеме «СК Энерго-OIL» ЖШС-і аталған бағдарлама аясында Мәншүк Мәметова атындағы жоғарғы педагогикалық колледж ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 41 жұмыссызды жұмыспен қамтып отыр. Мердігер мекеме жобада көрсетілген 77 адамды жұмыспен қамтып отыр. Құрылыс мерзімі – 3 ай. Ғимаратты жөндеуді аяқтау мерзімі – 2020 жылғы 25 тамыз.

    Похожие записи

    Қармақшы ауданы: 40 жоба, 800 жұмыс орны

    Фариза

    Қызылордада су айдындары тазартылуда

    Фариза

    Қызылордада автобустарға электрондық билет жүйесі енгізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + 5 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.