15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қызылорда облысы

    Қызылорда облысында 6 айда медициналық ұйымдарға 29,4 млрд теңгеден астам қаржы төленді

    Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарына 29,4 млрд теңге төленді. Бұл қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады.

    29,4 млрд теңгенің 24,1 млрд теңгесі тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне берілген, 5,3 млрд теңгесі МӘМС аясындағы қызметтерге бөлінген.

    2020 жылға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалымен 57 медициналық қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасалған. Оның ішінде – 30 мемлекеттік медициналық ұйым (52,6%), 27 жеке меншік (47,4%).

    Осы уақыт аралығында облыста барлығы 59,9 млрд теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 43,3 млрд теңге (72,2%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 16,6 млрд теңге (27,8%) МӘМС қаржысы құрайды.

    Похожие записи

    COVID-19: Қызылордада шектеу шаралары күшейтілді

    Фариза

    Қызылордада археологиялық қазба жұмыстары басталды

    Фариза

    Қызылорда: 146 ауылдық округтің өз бюджеті бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − three =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.