15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қоғам

    Коронавирусқа шалдыққан Мұхтар Тайжан ауруды терлеп жеңу керектігін айтты

    Әлемді шарпыған коронавирусқа шалдыққанын Мұхтар Тайжан да мәлімдеді. Ол 10 күн бойы осы індетпен күрескенін айтып, ауруды жеңудің тәсілдермен бөлісті:

    Достар, өткен 10 күннің ішінде мен де осы КОВИД-пен ауырып шықтым. Ауырып қалдым деп әдейі жазбадым, жазылып шыққаннан кейін бірақ жазам деп шештім, қазір қалай жазылдым бөлесейін.

    КОВИД кәдімгі тұмау секілді басталады екен, кейін адамнан күш-қуат мүлдем кетеді, температура қосылады. Төртінші күні денемнің температурасы 39-ға барды, қиын болды. Бір рет жедел жәрдем келіп өкпемді тексерді, таза қалған екен.

    КОВИД қатты ауру болғанымен тұмау ғой, грипп, ОРВИ. Сондықтан ыстық шай көп ішіп терлеп жату керек. Антибиотиктерді қабылдап жүрдім – алдымен сумамед, одан кейін амоксиклав. Ауруханаға бармадым, бәрібір орын жоқ, дәрігерлер жетіспейді. Үйде жатып емделдім.

    КОВИД вирус болған соң ерте ме кеш пе басым көпшілік бұл аурумен аурып шығады, амалы жоқ, қайтейік. Бірақ бұл ауру міндетті түрде өлімге немесе пневмонияға апарады деген үрей – қате, Құдайға шүкір. Оған міне өз мысалым дәлел болды. Бұл аурудан қорықпау керек, паникаға берілмеңдер. Иә, сақтану керек, иә, емделу керек, бірақ сабырлы түрде. Спортпен айналысып, иммунитетіңізді нығайтсаңыздар, бұл пәле шетінен жеңіл өтіп кетеді.

    Солай болсын, аман болайық, ағайын!

    Достар, өткен 10 күннің ішінде мен де осы КОВИД-пен ауырып шықтым. Ауырып қалдым деп әдейі жазбадым, жазылып шыққаннан…

    Опубликовано Мұхтаром Тайжаном Суббота, 27 июня 2020 г.

    Похожие записи

    ШЫМКЕНТ: Қонаев көшесін ұзарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    Фариза

    Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды ­– видео

    Фариза

    “Ринат, сен өтірік айтпа! Халықты Храпуновпен алдама!” (видео)

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.