15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қоғам

    Бейсен Құранбектің анасы қайтыс болды

    Жақында өмірден озған танымал журналист Бейсен Құранбектің анасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Өміржан Әбдіхалықұлы жазды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарт агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Бейсен Құранбектің анасы дүниеден озды деген суық хабар келді. Құранбек әулетіне Алла сабыр берсін! Ағайдың артынан анасы да аттаныпты. Ағайын-туыстары, жек-жұрағаттарына қайғырып көңіл айтамыз! Ана жүрек тоқтапты! Барша Құранбек әулетіне Алла үлкен сабыр берсін!», – деп жазды ол.

    Айта кетейік, Құранбектер әулеті карантинге байланысты Бейсен Құранбектің 27 маусымға белгілген қырық күндік асын көпшілікпен өткізуден бас тартты.

    «Бізге бұл шешімге келу оңай болмады. Сонда Бейсекең өзі болса, бұл жағдайда не істер еді деген сауал қойдық. Біз білетін Бейсекең бірінші кезекте өзін емес, айналасындағы адамдардың қамын ойлап, дұрыс тәртіпті белден баспай, ақылға сыйымды амалын жасар еді. Сол қисынмен ел-жұртты бір жерге жинамай-ақ, қасиетті жұма күні құран оқып, дұға бағыштайық деген тоқтамға келдік. Біздің бұл ойымызды түсініп қабылдауларыңызды сұраймыз», – деп жазды Құранбек әулеті.

    Похожие записи

    Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

    Фариза

    Астанада үшем дүниеге келді

    “Қазақстанда “таза ислам жоқ” деп бізді елден алып кетпекші…” – мектеп оқушысы жат ағымның жетегінде кеткен әкесі туралы айтып, көмек сұрады (видео)

    Пікір қалдыру

    2 × five =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.