9 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте дезинфекция жұмыстары тиянақты түрде жүріп жатыр

    Күн санап көбейіп жатқан короновирус инфекциясын ауыздықтау үшін, шымшаһардыдезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Алдымен адам көп шоғырланатын аумақтар дәріленуде. Ал, үй аулалары мен көшелер кестеге сәйкес заласыздандырылуда.

    Адам қарасы үзілмейтін орындардың бірі саябақтар мен гүлзарлар. Әсіресе, бұл жерлерден кешкі мезгілде бос орындық табу мүмкін емес. Сондықтан да Қаратау ауданындағы 3 саябақ пен гүлзар маңы күнделікті дәрі шашылып, заласыздандырылады.

    Вирусқа қарсы дәрілеу жұмыстары көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен  жертөлесіне дежүргізілуде. Оларға қызметтің түрі ақысыз көрсетіліп келеді. Осы орайда тұрғындар да қолдан келген көмектерін аянып қалмауда.

    Көпқабатты үйлерден бөлек,  аудандағы шағынаудандардың ішкі көшелері де кестеге сәйкес дезинфекциялануда. Ол үшін 10 арнайы техникамен әскери қызметшілер жұмылдырылған. Олардың қолданып жатқан сұйықтықтары адамдар мен жануарларға қауіпсіз,дейді мамандар.

    Бекен Жұманов – «Қызметкер СК» ЖШС директорының орынбасары:

    «Қазіргі таңда қызмет көрсетіп отырған 120 шақты үйіміз бар. Аптасына екі мәрте жуылып тұрады. Жуылған кезде белизна, хлор қосылып жуылып жатыр. Және баспалдақтың ұстайтын темірлері дәкемен сүртіліп, лифттің ішіндегі кнопкалардың бәрін сүртіп отырамыз».

    Қаратау ауданы бойынша осы уақытқа дейін жалпы 132 ауру ошағы тіркелген екен. Олардың барлығы жіті назарда болып, дәрілеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде оқшаулан 32 індет ошағы ғана бар. Оларға  жеке компания есебінен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТЕ 300-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 25 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІНЕ ИЕ БОЛДЫ

    Фариза

    «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

    Фариза

    Шымкент: Халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге 16,1 млрд теңге қаралған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.