11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды ­– видео

    Әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласындағы атыс оқиғасының видеосы тарады. Куәгерлер тапа-тал түсте атыс болғанын айтады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап.

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

    “Бұл мәселе бойынша полицияның кезекші бөліміне ешқандай қоңырау түскен жоқ. Соның өзінде құқық қорғау органдарының өкілдері оқиғаға қатысы бар автокөлікті анықтады”, – деді жергілікті полиция өкілдері.

    Видеода екі жас жігіт жол талғамайтын көлікке қарай жүгіреді. Айқай-шу мен оқ атылғанға ұқсас дыбыстар естіледі. Ер адамның бірі қаруды орнына жұлқына қозғалып жатқан көліктің артқы есігінен салып, өзі басқа жаққа қарай қаша жөнеледі.

    Видеоның авторы оқиға орнында қан ізі қалғанын айтады.

    Ақпарат көзінің дерегінше, Жаңаөзен қалалық ауруханасына осы оқиғаға ұқсас жағдаймен ешқандай шағым түспеген.

    қатысты посттар

    Кентауда мектептегі төбелестен кейін оқушы қыз ауруханаға түсті

    Фариза

    Түркістан облысында әйелін 7 сағат азаптап өлтірген күдіктіге полиция «Абайсызда адам өлтіру» бойынша іс қозғады

    Фариза

    Түркістан облысында ораза кезінде ішімдік сатылмайтын болды

    Пікір қалдыру

    two × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.