7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалықтар кермек судың орнына тіршіліктің таза нәрін тататын болды

    Қызылордалықтар «үйдегі құбырдан лай ауыз су ағады» деп бірнеше дүркін мәселе көтерген болатын. Сондай-ақ кешкі мезгілде жоғарғы қабатқа су көтерілмей, тұрғындарды әбігерге салатын. Коммуналдық мекемелер осыған орай кешенді қалыпқа келтіру жұмыстарын қолға алды. Мамандардың айтуынша, қазір ауыз су сапасы толық талапқа сай келеді.

    Облыс орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 100-ден аса ұңғыма қазылып, мың шақырымға жуық ауыз су желісі жүргізілген. Қаладағы 80 мыңдай тұтынушыға тәулігіне 83 мың текше\метр су жіберіледі. Тұрғындар арыз-шағымына сәйкес судың лайлануы және мүлдем болмай қалу себептерін анықтау үшін арнайы жұмысшы топ бас су тоғанына барды.

    – 45-50 градус ыстық болады ма ол маңызды емес. Халықты толықтай ауызсумен қамтамасыз ету керек.

    – Қалаға шығатын 2 тармақ бар. Біреуі оңтүстік бағытпен, екіншісі Тасбөгет арқылы барады.

    – Қалаға осы жерден 2,3 атмосферамен шығатын болса, тұтынушыға ол 2,1 атмосфера қысыммен барып тұр. 

    Бекітілген стандартқа сәйкес ауызсу сапасы зертханада күнделікті талданады. 18-аумақтан сынама алынып, иісі, дәмі, түсі, температурасы, концентратты белсенділігі, бактериологиялық және микробтық көрсеткіштері жіті тексеріледі.

    – Кермектілік санэпид нормасы бойынша 7 мгр эквивалент\литр болуы тиіс. Қазір анықтаймыз. 7-ні формулаға көбейтеміз, сонда қалаға кетіп жатқан судың кермектілігі 6,1 мгр. Бұл талапқа сай.

    – Қаланың әр тұрғыны, тұтынушының денсаулығы басты назарда. 

    Мамандардың айтуынша, апаттық жөндеу кезінде ғана құбырдағы су сарғыш тартуы мүмкін. Ал жалпы тіршілік нәрі еш тазалаусыз қолдануға толық жарамды. Мұны тұрғындар да растап отыр.

    Қысымы жақсы қазір, судың құрамы да жақсарды. Ешқандай сары болып тұрған жоқ осы кезде, – дейді қала тұрғыны Шәкизада Өткелбаев.

    Көздеріңізше суды краннан ағызып алып жатырмын. Судың түсі таза, мұны бас тоғандағы лаборатория әр сағат сайын су сынамасын алып, тексеріп жатыр. Осы су ешқандай қосымша тазалаусыз ішуге жарайды. Дәмін көреміз, таза ұңғымадан келе жатқан жерасты суы, – дейді «Су Жүйесі» МКК директоры Марат Жәмиев.

    Рейд барысында ауызсуды бау-бақша суаруға заңсыз пайдаланатын тұрғындар кезікті. Су жүйесіне рұқсатсыз және өлшегіш құралын орнатпай қосылып, қысымның төмендеуін туғызып отырған тұтынушылар желіден ажыратылады. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына да ауызсуды бей-берекет пайдалану деректері анықталды.

    Республика бойынша ең арзан ауыз су мен кәріз су тарифі Қызылорда мен Павлодар қалаларында екен. Соған қарамастан су тарату мекемесіндегі диспетчерлік қызмет пен арнайы апаттық топ қажетті құрылғы, техникалармен қамтамасыз етіліп отыр. 

    Жеке тұлғаларға 45 теңге 61 тиын судың тарифі. Заңды тұлғаларға 150 теңге 55 тиын. Абонент саны жеке тұлға бойынша 74 мың 524, заңды тұлға бойынша 3627, ал бюджеттік мекемелер 241. Ауызсудың түсі авариялық ахуал орын алған кезде сары түске өзгереді. Кранды ашып, шамалы ағызып жібергеннен кейін ол міндетті түрде тазарады, – дейді ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Елмұрат Рахматуллаев.

    Коммуналдық сала мамандары тұрғындарға су өлшегіш құралдарын 6 жыл сайын мемлекеттік тексеруден өткізу керектігін айтады. Тұтынушылар өз ауласына баспа құдық орнатып алғандары жөн және жасыл желектерді түнде суаруға кеңес береді. Сапалы әрі үздіксіз тіршілік нәрімен қамтылу үшін ауызсуды үнемді пайдаланып, төлемақысын уақытылы төлеуге шақырады.

    қатысты посттар

    Шиеліде автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі меморандум жасалды

    Фариза

    Қызылорда: «Сыр Ана» алаңы қайта жаңғыртылды

    Фариза

    Жәрмеңке: Қызылордалықтар елорда тұрғындарына 360 тоннаға жуық өнім ұсынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.