15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкент: Халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге 16,1 млрд теңге қаралған

    Шымкентте тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы 30 нысан құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 17 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен онлайн мәжілісте баяндалды.

    Жиналыста сөз алған қалалық құрылыс басқармасының басшысы Е.Ахметов «Шымкент сити» шағынауданындағы 39 үйге инфрақұрылым тарту үшін 6 нысанда құрылыс жүріп жатқанын жеткізді.

    – Мұнда тамыз айының соңында ауыз су, кәріз, жылу, газ және электр қуаты іске қосылады. Ал көгалдандыру жұмыстары қараша айында аяқталады, — деді Е.Ахметов.

    Басқарма басшысының айтуынша, Әкімшілік-іскерлік орталықта 8 үйдің инфрақұрылымы бойынша 2 нысанда жұмыс қарқынды түрде жүруде. Бүгінгі таңда жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Ал, Тұран шағын ауданында 25, 26, 28 орамдағы көпқабатты тұрғын үйлерде құрылыс-монтаждау жұмыстары басталыпты.

    – «Бозарық» тұрғын үй алабына инфрақұрылым тарту үшін 5 нысанда құрылыс жұмыстары басталады. Мұндағы жұмыс келесі жылы аяқталады, — деді Е.Ахметов.

    Қала әкімі М.Әйтенов сала мамандарына құрылысты кестеге сәйкес, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

    Онлайн жиында карантин кезінде тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де талқыланды.

    Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауовтың айтуынша, Шымкентте аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін 16,1 млрд. теңге қаралған. Бүгінгі күнге дейін 19 519 отбасыға 4.5 млрд. теңге көмек көрсетілген.

    Айта кетейік, «Birgemiz» қоғамдық қорынан 41 630 мұқтаж азаматқа 50 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, сәуір айында 8 333 отбасының, ал мамыр айында 9 233 отбасының коммуналды қызметтерді пайдалану бойынша шығындары өтелді.

    Ал, өтініштерді қабылдау мен қарау 25 маусымға дейін жалғасады.

    Фариза Жандар

    Похожие записи

    ШҚО-да ауқымды спорт пен өнер фестивалі басталды

    Шымкентте талапкерлердің ҰБТ тапсыру кезіндегі түсірілген бейнебақылау жазбалары министрлікке жолданады.

    Фариза

    Бизнеске бет бұрғандар көбейді

    Пікір қалдыру

    thirteen + 17 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.