7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада жыл басынан бері 300-ден аса азамат құқықтық кеңес алды

    Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бастамасы негізінде, Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2020 жылы ай сайын облыс көлеміндегі барлық аудандарда және «Антикор орталығының» ғимаратында «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылып, атқарылған шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жариялауда.

    Бүгінгі күні азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады, Халықтың сенімін сақтау біз үшін өте маңызды.

    Сонымен қатар, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Өткен жылы республика бойынша «Параграф» ақпараттық жүйесі және «Закон KZ» желісімен бірлесіп өткізілген бірыңғай республикалық «Халық заңгері» акциясы 18 мыңнан аса азаматтарды қамтып, 2500-ден аса мемлекеттік органдар мен сарапшылардың, азаматтық қоғамның тиімді ынтымақтастығын қамтамасыз етті.

    «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқанына, ағымдағы жылдың 6 айында облыс көлемінде жалпы 300-ден аса азамат әр-түрлі сала бойынша, яғни әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, ауылшаруашылық, тағы басқа да өзкеті мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдардың білікті мамандарынан, заң саласының танымал заңгерлерінен қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен арнайы мониторингтік топ мүшелерінен тегін құқықтық кеңестер алды.

    Аталған шаралар Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда кезең-кезеңімен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Қоғамда «Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны азаматтардың оң пікірі мен алғысын алып, болашақта халық пен мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығы арасындағы біріктіруші «көпір» болуға мүмкіндік беретін іс-шара ретінде көрінуде.

    Қазіргі уақытта, карантиндік жағдайға байланысты бұл шара онлайн форматына ауыстырылды.

    Осыған орай, бұл дәстүрлі науқан онлайн форматында «Антикор орталығы» ғимаратында ай сайынтұрақты түрде жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың, заң саласының танымал мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады және шараның өтетін уақыты, қай сала өкілінің қатысуымен өткізілеті туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ресми сайтында жариялануда.

    Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді, аталған нөмірге қоңырау шалу тегін және сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар міндетті түрде қаралады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысы сотталғандарды жұмыспен қамтуда алда келеді

    Фариза

    Тоқаев: Біз Алтын Орда негізін қалаушы Жошы ханға міндетті түрде құрмет көрсетуіміз керек

    Қызылорда облысы бойынша эпидахуал жайлы ақпарат алу үшін CALL орталығы ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.