11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматының маңайына блок-бекеттер қайта қойылғалы жатыр ма – Бекшиннің жауабы

    Жандарбек Бекшин Алматыға және одан тыс жерлерге кіруді / шығуды шектеу жоспарлары бар-жоғын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz  zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    – Қаланың бас санитарлық дәрігері ең бастысы – тұрғындарды аурудан сақтау үшін оқшаулау керектігін айтты. Күн сайынғы тіркелген аурудың өсімі 7% -дан асқанда ең қатаң шаралар қабылданады. Бізде 10 күнге жуық аурудың өсімі 5% құрауда, бірақ көбінесе симптомсыз аурулар саны өсуде. Осыған байланысты ауруханада адам саны артып келеді. Қазір қаладағы ауруханалардағы орынның 95% қамтылған. Азаматтарды білікті және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін ауру көлемін азайту керек. Біздің міндетіміз – халықты қорғау, азаматтардың денсаулығын сақтау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау, – деді ол.

    Бекшин сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерде, оның ішінде алаңдар, саябақтар, жағажайлар, спорт алаңдарында шектік шараларын сақтау бойынша полицияға тапсырма берілгенін де айтты.

    қатысты посттар

    Баласын ұрып-соғатындарға қатысты жаза күшейтіледі – Сәуле Айтпаева

    Фариза

    “Айсұлтан Назарбаев Арыстан бабтағы зиратқа жерленді” Әлиевтердің сүйектері жан-жақта жатыр

    Фариза

    Қармақшы ауданының 3 ауылы интернетпен қамтылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.