15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Билік және саясат

    «Гектар жерге картоп еккендеймін» – вице-министр Ерлан Аукеновтен коронавирус табылды

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Аукенов өзінен COVID-19 инфекциясына шалдыққанын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бүгін тест нәтижесі оң болды. Өзімді жайсыз сезініп тұрмын. Емделемін, оқшауланамын. Бұл ауру әркімде әртүрлі байқалады. Маған келсек, тап бір екі күн жүк артып немесе бір гектар жерге картоп еккен сияқты сезімдемін. Басынан өткен адам түсінеді», – деп жазды ол Facebook аккаунтында.

    Вице-министр тест қорытындысы шыққанша екі күн бойы сенбей жүрген көрінеді. Кімнен жұқтырғанын да білмейді. Сақтық шараларын барынша қолданғаны да көмектеспеген.

    «Жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Zoom жұмыс кабинетім секілді болып кетті. 3 ай бойғы онлайн жұмыс мені осыған дайындады… Еңбек адамды жадыратып қана қоймайды, өзіңді тонуста ұстауға да мүмкіндік береді», – дейді Е. Аукенов.

    Ол өзге науқастарға денсаулық тіледі.

    Похожие записи

    “Қазақтың қанын мойыныма алғым келмейді…” қамаудағы Ринаттың xалыққа айтқаны (видео)

    Жаппай наразылық білдірген халықтың үні Германияда жүрген Тоқаевқа жетті

    “Ондай тапсырма берген жоқ” – Берік Уәли Президенттің мерекедегі демалысқа қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді

    Пікір қалдыру

    1 × 3 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.