9 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Адамдар зардап шегіп, үйлер қираған: Аягөзде қатты дауыл тұрды (фото, видео)

    Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында қатты дауыл тұрды. Күшті жел тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың шатырын ұшырды. Зардап шеккендер бар. Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті табиғи апаттың салдары туралы айтып берді деп хабарлайды Qazweek.kz со ссылкой на KAZ.NUR.KZ.

    Дауылды Аягөз қаласының тұрғыны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Желі қолданушылары қала тұрғындарына алаңдаушылық білдіріп отыр.

     

    Өңірлік ТЖД ақпарынша, табиғи апат салдарынан жеті адам зардап шеккен. Олар қираған әйнектер мен құлаған ағаш бұтақтарынан жарақат алған. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен.

    Бұдан бөлек, 19 екіқабатты және 72 бірқабатты тұрғын үйге, төрт мектепке, балабақша мен аудандық аурухана ғимаратына зақым тиген.

    Тоғыз мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалған. Арнайы комиссия табиғи апаттан келтірілген шығынды есептеуде.

    https://www.instagram.com/p/CBf1i7ZlogX/?utm_source=ig_web_copy_link

    https://www.instagram.com/p/CBhc7vBAOLz/?utm_source=ig_web_copy_link

    Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда түні бойы жаңбыр жауып, қаланы су басқанын хабарлаған болатынбыз.

    Елорда көшелерінің көрінісін әлеуметтік желі қолданушылары бірінен соң бірі жарыса жариялап жатыр. Желідегі видеолардан Нұр-Сұлтандағы жолдардың жаңбыр суы астында қалғанын байқауға болады. Сол жағалаудың да, оң жағалаудың да көшелерін су басқан.

    қатысты посттар

    Шымкентте кәмелет жасқа толмаған бойжеткенді зорлап, видеога түсіргендендерге сот үкімі шықты

    Фариза

    Сәуір айында қыс қайта оралды: Қостанайда қалың қар жауып, боран соқты

    Фариза

    “Қолымнан келгені осы болды…” – қалыңдығынан айырылған жігіт жерлеу кезінде жұрттың жағасын ұстатты

    Пікір қалдыру

    eleven − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.