19 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: «Атамекен» балалар ауылының түлектерін университет тегін оқытпақ

    Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі Бейбіткүл Кәрімова «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының түлектері жоғары білімді тегін алатынын мәлімдеді.

    «Атамекен» балалар ауылында қазіргі таңда 53 бала тұрады. Оның ішінде 4 бала биыл мектеп бітіреді.

    Ректор Бейбіткүл Каримова балаларды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де білім алуға шақырып, өздері таңдаған мамандық бойынша 4 жыл тегін оқу сертификаттарын табыстады.

    – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жас білім алуда. Олар мемлекеттік, облыс әкімінің гранттары мен университеттің, көптеген компаниялардың қолдауы негізінде тегін білім алып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы мектеп бітіретін жас түлектерімізді қамқорлыққа алатынымызды жеткізгім келеді. Құрметті түлектер, 11 сыныпты аман-есен аяқтап, алда тұрған бірыңғай ұлттық тестілеуден сүрінбей өтулеріңізге тілектеспін. Республикамыз бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үздіктер қатарынан орын алатын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті атануға сіздерді шын ықыласпен шақырамын», – деді университет ректоры Бейбіткүл Кәрімова.

    Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ұжымы жыл сайын «Атамекен» балалар ауылына келіп, балалармен түрлі мерекелерді бірге өткізіп келеді.

    қатысты посттар

    Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқандардың ішінде жазықсыз ұсталғандар бар – ІІМ

    Фариза

    Алматы облысында имам үш баласы бар әйелді зорлап, өлімге себепші болды (видео)

    «Ер Төстік» мультфильміндегі каннибализм: Ертегіні бұрмалаған кім?

    Пікір қалдыру

    1 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.