7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында ҰБТ карантинге байланысты ерекше санитарлық жағдайда өтеді

    Қызылорда облысында мектеп түлектері ҰБТ-ны карантинге байланысты ерекше
    санитарлық жағдайда тапсырады. Бұл туралы Қызылорда облысының тауарлар мен
    көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы
    Алмаш Шуахбаева мәлімдеді.

    Биыл облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 2020 жылғы 20 маусым мен 5 шілде
    аралығында өтеді. Оған 9 тестілеу орталығы белгіленген. Облыс бойынша 2020 жылы 6059
    оқушы мектеп бітірсе, соның 5172-сі ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірген. Бұл барлық түлектің
    85% құрайды.

    Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҰБТ-ны өткізудің арнайы
    алгоритмі әзірленді. Аудиторияда тест тапсыратындар саны кем дегенде екі-үш есе
    қысқарады. Алгоритмге сәйкес тестілеу өткізілетін орындарында бір күн бұрын
    залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып және тестілеу өткізу барысында 2 сағат сайын
    ылғалды жуып-шаю жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар аудиторияға түлектерді
    кіргізу мен отырғызу кезінде 2 метрден кем емес қашықтықты сақтау, тестілеу өткізу
    ғимараты аумағына ата-аналарды жібермеу, оқушыларды күту кезінде адамдардың
    жиналуын 3 адамнан асырмау белгіленген.

    Бұдан бөлек, ғимаратқа кіре берісте тері антисептиктері бар санитайзерлердің,
    пайдаланылған маскаларға арналған жәшіктердің орнатылуы, бетперделері жоқ оқушылар
    үшін қосымша бір рет қолданылатын маскалар қорының болуын қарастыру ұсынылған.
    Алгортимде ҰБТ пунктінде медициналық кабинеттің болуы, дәрігер және орта
    медицина қызметкерінің, сондай-ақ жедел жәрдем көлігі кезекшілігінің міндетті болуы
    көрсетілген. Тестілеу ғимаратына персоналдар, қызметкерлер, комиссия мүшелері және
    оқушылардың дене қызуы өлшеніп, тек бетпердемен кіреді.

    Талапкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ өткізу тәртібі мен
    ережелерінің алгоритмі жергілікті білім бөлімдері мен ҰБТ пункттерінің басшыларына
    жолданды. Білім бөлімдері, ҰБТ пунктері мен білім беретін мектеп басшыларымен
    коронавирус инфекциясын және жұқпалы аурулары мен тағамнан улану жағдайын
    болдырмау мақсатында санитариялық ағарту, ақпараттық түсіндірме жұмыстары үздіксіз
    жүргізілуде.

    Сонымен қатар ҰБТ пункттерінің бастама өтініштері негізінде тестілеу
    ғимараттарына ұялы телефон дабылдарын басу құралдарын және бейне бақылау

    қондырғыларын орнату барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
    83 аудиторияда электромагниттік өріске (ЭМӨ) 498 зертханалық өлшем жүргізілді.
    Сәйкессіздік анықталған жоқ.

    Әр аудитория желдеткіш жүйелерімен, стандартты жиһаздармен, ғимаратішілік
    әжетханалармен жабдықталған.

    Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
    қауіпсіздігін бақылау департаменті және білім басқармасы мамандары тестілеу өткізілетін
    орындарға мониторинг жүргізіп, залалсыздандыру тоннелімен, тепловизормен,
    сайнитайзермен қамтамасыз етілмеген, медициналық пункт қаралмаған кей пунткттер
    бойынша жергілікті білім бөлімдері мен ҰБТ орталықтарына Алгоритм талаптарының қатаң
    сақталуы бойынша тапсырмалар берді.

    Тестілеу өтетін ғимараттарда «ҰБТ өткізу тәртібі мен ережелерінің алгоритмі»
    бойынша дайындық жұмыстары әлі де жүргізілуде. Осыған сәйкес мониторинг жұмыстары
    жалғасатын болады.

    қатысты посттар

    Желтоқсаншылар неліктен әлі күнге дейін ақталып жүр?

    Фариза

    Қазақстан ресейлік «Гостех» платформасын 500 миллион долларға сатып алады

    Фариза

    Белгілі қызылордалық кәсіпкер Сырдария ауданына өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.