12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Дәлелдеу үшін өлуім керек пе? Президенттің баспасөз хатшысы сырқаттан саясат жасайтын адамдарға наласын жеткізді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің ата-анасы да коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін Берік Уәли өзінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.  Берік Уәлидің халін сұрап, ауруханаға барып қайтқан досы Нартай Сауданбекұлы, таралған індетке сенбей, ұайңқу сөз таратындарға өкпесі барын жеткізіп желіде жазба қалдырды:

    Берік достың халін сұрадық. Біршама жақсарып қалыпты. Мен білетін Бекебай анау-пынау ауыруға құлай қоймаушы еді, сонысына қарағанда бұл covid деген пәлең оңай емес болып тұрған сыңайлы. Әйтпесе Бекең шыныққан шымыр жігіт. Ылғи доп қуалап, қысы-жазы аттан түспейтін сері спортшы. Ширек ғасырдан бері білеміз ғой енді.

    Хош. Амандық саулық сұрасып, көңіл ниет білдіріскеннен кейін қарлыққан даусымен маған достық назын айтты. Сондағысы мынау. Өз сөзіммен өре берейін. Осы қазақ неге біртүрлі дейді. Ауырып қалғанымнан астар іздеп, сырқаттан саясат жасайтын жағдайға қалай жеттік деп налығандай болды. Енді ауыруды дәлелдеу үшін өлуім керек пе деп күледі. Күлкісінің өзі жыларман боп шыққандай әсерде болғанын жасырмаймын. Мені қойшы деп әрі қарай сабақтады Бекең, ана үлкен кісілер үшін қатты уайымдап отырмын дейді.

    Иә, ата-анасынан да дерт табылып олар да оқшауланған екен, соның уайымы басым екенін сөзінен ұқтық. Беке Алла шифасын берсін. Ата-анаңмен амандықта қауышып, құшақтаса жүруді нәсіп етсін.
    Ал, бүкіл әлемді дүрліктірмегенде бұ қазақ әй сенбеген күйі кете беретіндей екен.

    Ойлан қазақ! Отпен ойнап жүріп опық жеп қалсаң кремльден кеп жаназаңды шығарар жан таппай қап жүрмегейсің. Ел-жұрт аман болсыншы.

    қатысты посттар

    Іздеу-2018 жаттығуларының барлау бөлімшелері үшінші кезеңді бастады.

    Денис

    Саунадағы атышулы видеодағы сот пен прокурор қатысты комиссия қорытындысы жарияланды

    Фариза

    Бурабайда қос ғашықтың ұятсыз әрекеті видеоға түсіп қалды – полиция түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.