11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда пробация есебіндегі азаматтар жұмыссыз қалмайды

    Қызылорда облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

    Қазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту бөлімі пробация есебіндегі жұмыссыз 4 азаматты жұмысқа орналастырды. Бұл азаматтар «Жылу-ХХL» ЖШС мекемесінде тұрақты жұмыспен қамтылды. Аталған мекеме ауданда газбен жабдықтау жұмыстарын жүргізеді.

    – Жыл басынан 13 азаматты жұмысқа орналастырдық. Есепте тұрған азаматтардың ішінен өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтар да бар. Оның біреуі ағаш цехын ашса, 2 азамат мал бордақылау кәсібін дөңгелетіп отыр. Жұмыспен қамту арқылы сотталғандардың қоғамға қайта оралуына барынша ықпал етіп отырмыз, – дейді Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатов.

    Жеке кәсіпті қолға алған азаматтар «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алған. Аудандық пробация қызметінің бастығының айтуынша, бірінші кезекте, жұмыссыз сотталғандар жұмыспен қамтылады. Егер олардың білімі болмаса, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша курс оқиды.

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтан мен Алматыда қантты 285-320 теңгеге қайдан сатып алуға болады

    Фариза

    Сыр өңірінде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 9 мыңнан астам тұрғын жұмысқа шақырылды

    Фариза

    “Бір адамның денесі табылды”. Көктөбедегі өртке байланысты тергеу жүргізілуде

    Пікір қалдыру

    sixteen − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.