16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жалағашта бірқатар мектептер күрделі жөндеуден өткізіледі

    Жалағаш ауданында соңғы 6 жылда 1 мектеп салынса, 6 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Бүгінгі таңда М.Шәменов ауылдық округінде 140 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

    Биылғы жылы аудандағы салынғалы бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген Аққыр ауылдық округіндегі №188 орта мектеп ғимаратына, Мақпалкөл ауылдық округіндегі Ә.Оңалбеков атындағы №117 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    Жалпы ауданда 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Олардың ішінде 10 мемлекеттік балабақша, 18 жеке балабақша және 8 мектеп жанынан ашылған шағын орталық жұмыс істейді. Аталған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 2156 баланы қамтып отыр.

    Жалағаш ауданында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу міндеттемесі толығымен орындалды.

    Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» аясында аудан орталығындағы бірнеше жылдан бері бос тұрған ескі емхана ғимаратын балабақша етіп қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.

    қатысты посттар

    Қызылордалық ҚАЖ қызметкерлері сала ардагерлерін құттықтады

    Фариза

    Армия халықаралық ойындары – 2020 аяқталды

    Фариза

    «Жұлдызды модель» Қытайды тамсандырған қазақ жігіті

    Пікір қалдыру

    eight + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.