15 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Дәретхана мен қыздар жуынатын жерді камерадан қарап отырған” Павлодар облысында сұмдық жайттың беті ашылды

    “Дәретханалар мен қыздардың жуынатын бөлмелеріне камера орнатып, үлкен экраннан бәрін көріп отырған!” Павлодар облысының прокуратурасы балаларды қолдау орталығындағы сұмдық жағдайдың бетін ашты.

    Мекеме басшысы Асхат Қоқымбаевтың айтуынша, бақылау камералары орталықтың бұрыш-бұрышына облыстық білім басқармасының тапсырмасымен орнатылған екен. Алайда, шаш ал десе бас алатын орындаушылар дәретхана мен қыздар жуынатын бөлмені де ұмыт қалдырмапты. Бұл орталықта кәмелет жасқа толмаған қыз балалардың да барын ескеріп, прокуратура қызметкерлері әлеуметтік орталық басшылығын балалардың құқығын өрескел бұзды деп айыптады.

    Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

    Николай Қожахметов, өңірлік балаларды қорғау орталығының жетекшісі:

    “Бейнекамералардың обьективі кіретін есікке қарап тұрған. Біз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты мақсат қылып алдық. Өйткені бұл орталыққа тап болатын балалардың жастары да, көрген қиындықтары да әртүрлі. Әрқайсысының жағдайы өзінше бір қиын болады. Ең болмаса осында келгенде қиындық көрмесін деген ойымыз болды”.

    Бақылау жүйесі Павлодар облысы білім басқармасының тікелей тапсырмасымен қойылғандықтан, мекеме басшысы Дінислам Болатханұлы жағдайды түсіндіріп бағуда. Ол өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, жабық мекемелер жүйесі мен ол жердегі оқшаулану әсерінен қолдау көрсету орталығына келгенге дейін балалар көптеген қиындықтарды бастан өткереді екен.

    Қазақстандағы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көрген қорлығы, соның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық фактілерінен жаның түршігеді. Сондықтан да мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға барлық жабық мекемелерде камералар орнату мәселесін ұсындым. Тіпті, жуыну бөлмелері мен әжетхана және жатын бөлмелерінің де бақылауда болғанын қаладым. Өйткені өзге аймақтардағы балаларға қарсы қылмыстар мен зорлық-зомбылықтар көп жағдайда сондай жерлерде жасалған. Анығында қылмыскер камераларды көргенде райынан қайтып, өз әрекетінен аяқ тартады емес пе? Осылайша, мен балаларды қорғағым келді.

    қатысты посттар

    “Қытайдың биологиялық қаруы” Коронавирус Ухань лабораториясында 2018 жылы ашылған

    Фариза

    “Шықпа!” деді ме шықпайық” Өнер жұлдыздары дәрігерлер мен полицейлерге құрмет көрсетуге шақырды

    Фариза

    “Прокурордың әйелімін” деген әйел кешірім сұрап, оқиғаның қалай болғанын айтты 

    Пікір қалдыру

    5 + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.