15 C
Алматы
Жексенбі, 5 Шілде 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • Қоғам

    Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

    Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

    26 мамыр күні «102» пультіне тұрғын үйлердің бірінің подъезінде баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнын тексеру барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғынның өз-өзін аңшы мылтығынан атып өлтірген анықталған.

    «Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хабарламасы табылды. Қаза тапқан азаматтың 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұратындығы анықталды. Атына тіркелген «САЙГА-М2» маркалы аңшы мылтығы болған», – делінген елордалық полиция хабарламасында.

    Аталған жағдайға байланысты сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Похожие записи

    “Гарант 24” ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

    Фариза

    Таразда 15 жасар бала планшетке таласып туған қарындасын өлтірді

    Фариза

    СҚО-да денесі қоқыстың арасынан табылған нәрестеге қатысты жаңа дерек шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.