11 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Алматыда студенттерге өтірік балл қойған 11 оқытушы жұмыстан қуылған

    С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушылары студенттерге себепсіз жоғары балл қойғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Бұған дейін аталған университеттің доценті Кенже Шекеева оқу орнының басшылары білімсіз студенттерге күштеп баға қойғызбақ болғанын, оған қарсылық танытқаны үшін түрлі сылтаумен жұмыстан қуылғанын айтып, редакциямызға шағымданған еді.

    «Заңсыз жұмыстан шеттетілдім» деген химия-фармацевтикалық пəндері кафедрасының оқытушы университет басшыларының үстінен арыз жазып, 10 миллион теңге өндіріп алу үшін соттасып жатыр. Бір жылдан бері тоқтамай тұрған дауға қатысы аталған оқу орнының  басшылары Azattyq Rýhy ақпараттық порталына жауап жолдады.

    Оқытушы Кенже Қалмаханқызының сөзінше, 9 студент емтиханнан екі рет сүрінген. Алайда, болашақ дәрігерлер емтихан кезінде мұғалім «дауыс көтерді» деп доцентті кіналаған. Бірақ студенттер басқа ұстаздардың ықпал етуімен соңында жоғары балл алып шыққан. Ақыры, даулы мәселеге Алматы қаласы Білім саласындағы бақылау департаменті араласып, заңбұзушылықтар анықталды.

    «Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің заңбұзушылықтарды жою жəне кемшіліктерге жол берген қызметшілерге шара қолдану туралы нұсқама/ұсыныс негізінде Университетте қызмет атқарған 5 қызметкерге Еңбек кодексінің 64-бабы 1-тармағында көрсетілген тəртіптік жазалар қолданылған. 6 қызметкерге еңбек шартының бұзылуына байланысты тəртіптік жаза қолданылмады. Жоғарыда айтылған нұсқамаға сəйкес негізсіз балл алған студенттерке қатысты шара қолдану мəселесі қарастырылмаған», – делінген университет ректоры Талғат Нұрғожиннің атынан келген жауапта.

    ЖОО-мен бір жыл бойы соттасып жеңіп шыққан Кенже Шекеева бұрынғы жұмысына қайта оралуы тиіс болатын. Тіпті, 1,5 миллион теңге моральдық өтемақы да өндіріп алған. Алайда оның сөзінше, сот шешімі әлі күнге дейін орындалмай отыр. Оқытушы бұған қазіргі ректор аппаратының басшысы Б. Аубакиров бастаған басшыларды кіналайды. Сондай-ақ, ол университетте келісімшарттың біржақты бұзылуы негізінде жұмыстан қуылған қызметкрелер көп деген еді. Бұл мәселелерге қатысты университет басшылары басқаша жауап берді.

    «20 ақпан 2020 жылғы Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының шешімі негізінде Университеттің 20.02.2020 жылғы №338 ж/қ бұйрығымен Шекеева Кенже Қалмахановна жұмысқа қайта орналастырылды. Ректор аппаратының басшысы Б. Аубакировке қатысты тиісті құзіретті органдарымен бірқатар тексерулер жүргізілді. Нəтижесінде, ешқандай заңбұзушылық анықталмағанын хабарлаймыз. Университет бұзылған еңбек шарттарының есебін жүргізбейді», – делінген даудан арылмаған оқу орнының атынан келген жауапта.

    қатысты посттар

    ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы жарияланды

    Фариза

    Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

    Фариза

    Қыркүйекте елорда оқушылары мектепке орала ма – бас санитарлық дәрігер жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.