19 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Коронавирус

    Шымкент: 2 700-ден аса дәрігер алдыңғы шепте коронавируспен күресуде

    Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2 764 медицина қызметкері жұмыс істейді.Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік стационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. Медицина мамандары алғашқы күннен бастапнауқастарға қолдан келген көмегін жасауда.

    Тіпті наурыздан бері үйлеріне бармаған дәрігерлер бар. Ақ халатты абзал жандар күнделікті дертпенбетпе-бет келіп, эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне қарамастан өздеріне жүктелген міндеттіабыроймен атқарып келеді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралытапсырмасына сәйкес Шымкентте Төтенше жағдай режимінде жоғары жүктемемен еңбек еткен 2126 медицина мамандарына наурыз-сәуір айларындаеселеп атқарған еңбегі еленіп, республикалық бюджеттен үстемақы ретінде бөлінген 799.22 млн теңге берілді.

    Медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істеген 24 қызметкерге 8,749 млн., екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтіндәрігерлер мен фельдшелерге және өзге де 977 медицина мамандарына 294,848 млн. теңге бөлінді.

    Ал үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 1126 медицина маманына 91,166 млн. теңге қаражат қаралған.

    Үстемақы алғандар – реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кішімедицина қызметкерлері. Сондай-ақ, провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері.

    Наурыз айында елімізде жарияланған төтенше жағдай режимінде уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген медицина мамандарына 394,77 млн теңге берілді.

    Қарапайым халықтың денсаулығы үшін өз басынбәйгеге тіккен ақ халатты абзал жандарға сәуір айында514,969 млн теңге беру жоспарланған.

    Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда жалпы 3226 дәрігер мен 8493 орта буынды медицина мамандары күн-түн демей жұмыс істеп жатыр.

    Одан бөлек үстемақы алмаған 4 медициналық мекемеде еңбек ететін 500-ден астам қызметкерге сыйақы берілді. Демеушілер есебінен 25 миллион теңге қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен № 2 қалалық аурухана қызметкерлеріне берілді. Сыйақыдан «Мейірім» және «Атамекен» оңалту орталықтарындағы карантин режимінде тынымсызеңбектеніп жатқан медицина мамандары да шетқалмады.

    Жұмысына адал дәрігерлер қауымы тәулік бойы жұмыс істейді. Қазірде қаладағы медициналық ұйымдардағы 300-ден аса қызметкерлер қонақүйге жайғастырылған. Бұл – қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Шымкентте коронавирусқа шалдыққан науқастарға психологиялық көмек көрсетіледі

    Фариза

    Жамбыл облысының әкімі Жуалы жұртымен кездесті

    Шымкентте «Бабадан қалған боз кілем» атты онлайн көрме өтіп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.