11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Егер тағдырдың тәлкегіне шыдамасам, кешір мені” Блокбекетте қайтыс болған полицейдің жары жүрек тебірентер жазба жариялады

    Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицей Дастан Әбдіқановтың жары әлеуметтік желіде жұбайымен қоштасу жазбасын қалдырып, естелік суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazweeek.kz ақпарат агенттігі.

    “Махаббатым, бізді неге тастап кеттің. Мен сені өте қатты сүйемін. Бұның болғанына сене алар емеспін. Сен өте керемет әке және адал жар едің. Біз ұлың екеуміз сені қатты жақсы көреміз. Сен әрдайым біздің жүрегімізде боласың. Ұлың үшін мәңгілікке қаһарман болып қаласың. Сен менің қорғаным әрі жарығым едің. Саған үш жылдық бақытты өмір үшін алғысымды білдіргім келеді.

    Сен тым ерте кеттің. Ал біз болсақ, ойластырған барлық жоспарымызды жасап үлгермедік. Мен әрі қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін. Егерде тағдырдың тәлкегіне шыдамасам, кешір мені. Біздің ұлымызды жебей жүр. Сені сені сүйемін, бұйрабасым”, – Динара Аман Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

    Еске салайық, бүгін таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Аталған оқиғадан екі полиция қызметкері көз жұмды, біреуінің жағдайы ауыр. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алынды.

    қатысты посттар

    “Ашқұрсақ халықты алдау оңай” Жұлдыздар ойнататын лоторея қаншалықты шынайы?

    Фариза

    Шымкентте қоқыс жәшігінен сәбидің денесі табылды

    Фариза

    12 жастағы қызды туған әкесі зорлаған. Қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.