-1 C
Алматы
Жұма, 4 Желтоқсан 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды

    18 мамыр күні  Талғат Нұрмағамбетов дүниеден өтті. Бұл ақпаратты Алматының ардагерлер кеңесі растады.

    Ол Алматыдағы өз үйінде қайтыс болды. Талғат Нұрмағамбетов онкология ауруына шалдыққан еді, – делінген ресми хабарламада.

    Талғат Нұрмағамбетов 1952 жылы 27 қазанда дүниеге келген. 1975 жылы Томск медицина институтының әскери-медицина факулътетін, 1983 жылы Әскери-медицина академиясын бітірген. Офицерлік қызметін оқу-үйрету взводы командирінен бастаған.

    Полк медицина қызметінің бастығы болған. Медицина баталъонының командирі, танк құрамасы медицина қызметінің бастығы, армия корпусы медицина қызметінің бастығы, армия медицина қызметінің бастығы қызметтерін атқарған.

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бас медицина басқармасының басшысы лауазымын атқарды. Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан. Сонымен бірге “Красная звезда” орденімен, бірқатар медальмен марапатталған.

    Похожие записи

    Сұмдық – ай, Шымкентте «періштелер қайтыс болды»

    Фариза

    83 мың айыппұлды шығарған кім? Қай Қазақстанда тұрады ол?

    Фариза

    Халық зорға қол жеткізген 42 500 теңгені тартып алуда: Банктердің пайдасы елдің қиыншылығынан да, Тоқаевтың бұйрығынан да маңызды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − 10 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.