9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Әнші Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден озды

    Отандық танымал әнші Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден өтті. 14 баланы дүниеге әкелген батыр ананың бақилық болғаны туралы эстрада жұлдызының өнердегі құрбылары Мадина Сәдуақасова мен Алтынай Жорабаева жеткізген деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Мадина Сәдуақасова алғашқылардың бірі болып, қалың көпшілікке құрбысының отбасындағы қайғылы жағдайды жеткізді. Ол Instagramпарақшасында арнайы жазба жариялады.

    “Бүгін жан құрбым Қарақаттың аяулы анасы, барлығымызды аялы алақанымен сипап, ақыл-қеңестерін айтып, батасын беріп отыратын Қаламқас апамыз дүниеден озды. Орны толмас қайғы. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта шалқысын, арты қайырлы болсын” – деп жазды Сәдуақасова.

    Алтынай Жорабаева да Қарақат Әбілдинаның жанұясына қайғыра көңіл айтып, әлеуметтік желіде Қаламқас апа туралы естеліктерімен бөлісті.

    “Біз адамдар бағыттас жолаушылармыз, кім түседі келесі аялдамадан?” демекші, кеше кіммен қоштастық, бүгін кімді соңғы рет көріп тұрмыз, білмейміз. Видеода да солай қоштасып тұр екенбіз. Тек қана Қарақаттың емес, бәріміздің анамыздай болып кеткен, ақ жүрек, кең пейіл Қаламқас анамыз Аллаға қайтты. Мұндайда мұсылман Алладан келдік, Аллаға қайтамыз деп сабыр етеді екен. Рамазан айында өмірден озған анамызды Алла рахымына алсын. Жаннаттық болсы” – деп жазды әнші.

    қатысты посттар

    Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

    Фариза

    Таразда түркі әлемінің әуені шырқалды (фото)

    “Жасарып кетіпті”: Желіде Нұрғали Нүсіпжанов пен жас әйелінің жаңа суреті тарады (фото)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.