9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысы: Бүгіннен бастап блокбекеттер алына бастайды

    Бүгіннен бастап Алматы облысында аудандар мен қалалар арасындағы блокбекеттер алына бастайды. Алайда, жұқпалы індет өршіп тұрған ошақтардағы карантин тәртібі күшінде қалады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

    Облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап жеке монша, сауна, массаж орталықтары сияқты қызмет көрсету нысандары жұмыстарын бастайды. Сонлай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтары ашылып, шағын комплектілі білім орталықтары мен үйірмелер де іске қосылмақ. Жұмысқа кіріскен бұл мекемелерде сақтық шарасы сақталады, яғни, балалар мен қызметкерлердің денсаулығына тұрақты бақылау жүргізілмек.

    Мұнан бөлек, облыс аумағындағы  құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздікке жауаптыларды дайындайтын және қайта даярлайтын мамандандырылған оқыту орталықтары, сол сияқты күзет және басқа да арнайы ұйымдар жұмыстарын қайта жалғастырады. Және сиымдылығы 50 орынға дейінгі стадиондар ашылады. Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы да жұмысын бастайды.

    – Бұл ретте қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аулалардағы балалар алаңдарын және басқа да нысандарды санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жалғасады, барлық нысандарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, маска кию режимі жаппай сақталуы тиіс. Дегенмен коронавирус инфекциясының жұқтырудың жаңа деректерінің тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделі жағдайы сақталып отырған Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласына бұл қаулының қатысы жоқ, – дейді облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов.

    қатысты посттар

    “Нәтижесін көрген жоқпыз. Тілге бөлінген миллиардтар желге ұшты” – сенатор

    “Кабинетке кірсем, іш-киіммен отыр” Алматы облысында медбикелер басшысының ерсі әрекетін айтып, арызданды

    Фариза

    “Бұл балаларға зорлық-зомбылық жасау, жүрегім ауырып тұр”

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.