9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Оқиға

    Шымкент: Елтайда су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтіңтөрағалығымен табиғи апаттың салдарын жоюжәне алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскенүйлер жоқ екенін мәлім етті.

    Оның айтуынша, тасқын су  38 үйді зақымдаған. Алайда, ол баспаналар тек ағымдағы жөндеужұмыстарын талап етеді. Мұнан бөлек 12 қора-қопсы құлаған. Құлаған нысандардың құжаты болмағандықтан, қораға мемлекет тарапынан өтемақы төленбейді. Сондай-ақ, екі бас ірі қара мал суға ағып кеткен.

    Жиында сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр су тасқынының салдарын анықтау және келтірілген шығын көлемінесептеу жұмыстары арнайы құрылған комиссияменәлі де жүретінін атап өтті.

    «Мамыр айының 13-нен 14-не қараған түні 40 минутта жарты айлық жауын жауған. Соныңнәтижесінде, Бадам өзені арқылы өткен су мөлшерісекундына 146 текше метр болыпты. Яғни, су орта қалыпты жағдайдан жеті есе көп болған. Қазірболса, секунтына 49 текше метр су өтіп жатыр. Бұлдегеніміз, өзен суы төмендеп жатыр дегендібілдіреді. Қаладағы жағдайға байланыстыауылшаруашылығы, энергетика басқармасыменқаладағы қауіп төндіреді деген жерлерді анықтапшықтық. Соған байланысты, 4 ауданның әкімдерінетапсырма берілді. Мәселен, Абай ауданы Бадамөзенінің жағалауын бекіту бойынша қажеттіжұмыстарды жүргізіп жатыр»,- деді Ербол Садыр.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жалағаш ауданында күріштен 69,2 центнерден өнім алынды

    Фариза

    Жамбыл облысы бойынша сағат 12.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы

    Фариза

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада екінші орында

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.