20 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Қоғам

    “Мешітке 15 минутқа ғана кіруге рұқсат беріледі” Бас мүфти мешітке келудің тәртібін түсіндірді

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде мешітке келудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “18 мамырда жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдерген азаматтар үшін мешіттерді ашамыз. Бұл еліміздегі барлық мешіттің есігі ашылады деген сөз емес. Өйткені әрбір облыстағы карантин жағдайы әртүрлі”, – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

    Бас мүфти Қазақстанның бас санитар дәрігерінің кезең талаптарын сақтау бойынша қаулысына сүйенгенін айтты.

    “Мешітке 15 минутқа ғана кіруге рұқсат беріледі”

    Ол жұқпалы індеттің қаупі толық сейілмегенін, карантин режимінің талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларына аса мән беру керегін жеткізді. Осы орайда Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке келгендер мына талаптарды сақтауы қажет екенін айтты:

    “Мешітке келуші барша жамағат медициналық маска, қолғап киіп келуге, антисептикті жиі қолдануға, жеке құлшылық жасау кезінде 1,5 метр арақашықтықты сақтауы қажет. Сондай-ақ, құран оқитын бөлмеге 1,5 арақашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық кірмеуге, неке қидыратын бөлмеге 4 адамнан артық кірмеуге үндейміз. Мешіт имамдарының кеңесіне құлақ асып, мешітке лек-легімен кезекпен кіруге, мешітте 15 минуттан артық болмауға үндеймін. Бұл мешіт ауасын әр 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруға мүмкіндік береді”.

    “Қадір түнін үйде қарсы алу керек”

    Ол биыл Қадір түні мамыр айының 20 мамырға қараған түнге сәйкес келіп отырғанын, тұрғындарға бұл түнді үйде қарсы алу керегін атап өтті.

    “Мешіттер ашылғанмен тек олар тек таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 8-ге дейін ашық болады. Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанмен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ”, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

    қатысты посттар

    Балаларды дәретханаға байлап азаптаған тәрбиешілер жазадан құтылып кетті (видео)

    Фариза

    Шымкент: Мамандар  қоғамдық көлік мәселесі биыл түпкілікті шешіледі деп отыр

    Фариза

    Әлеуметтік төлем алу үшін 42500.enbek.kz сайтында қалай өтініш беруге болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.