18 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкенттік журналистер Мақтаарал халқына қолдау көрсетті

    Бүгін журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастырумен бір топ журналистер тасқын судан зардап шеккен Мақтарал ауданына ат басын бұрды. Құрамындабірнеше басылымның  бас редакторлары мен жазушылар бар топ алдымен бірнеше эвакуациялық орталықта болып үй-жайы су астында қалған халықпен кездесті.Қарапайым бұқараның хал-жайын сұрап, көпбалалы отбасыларға қаржылай қолдау көрсетті.

    Филиал төрағасы Уали Сағындықұлы бастаған топ алдымен Атакенттегі №5 мақтарал мектеп – гимназиясында болды. Аталған білім ошағына бүгінде су астында қалған Жеңіс ауылының 400-ден астам тұрғыны тұрып жатыр. Олардың ішінде 80-ге жуық мектеп оқушысы бар. Қазір балалар қашықтықтан білім алуда. Журналистер қауымы алдымен сол бағыттағы жұмыстармен танысты. Сөйтіп, онлайн оқудың сәтті жүзеге асуы үшін білім ордасы плазмалы теледидарды тарту етті. Одан кейін қаламгер қауым тасқын судан зардап шеккен тұрғындар мен кездесіп, ой бөлісті. Азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек туралы кеңінен баяндады. Ол туралы сөз еткен  Филиал басшысы Уәли Қыдыров барлығының реттелетінін, ол үшін сабырлылық таныта тұру керектігін сөз етті.

    «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Осындай қиын-қыстау жағдайда мақтааралдық ағайынға қол ұшын созу әрбір саналы азаматтың парызы деп білеміз. Су басқан ауылдардың жағдайы журналистердің жіті назарында . Әрбір тұрғынның хал-ахуалына мән беріп, олардың жағдайын билікке жеткізуде БАҚ саласының мамандары аянып қөалмақ емес», деді Уәли Сағындықұлы.

    Осы сапар кезінде журналистер қауымы тұрғындарға тек сөзбен ғана демеу болып қоймай, қаржылай да қолдау көрсетті. Атап айтқанда, жеңіс ауылындағы 10-ға жуық көпбалалы анаға 40-50 мың теңгеден үлестірілді. Оның ішінде 8 балалы Мақамановтар жанұясы да бар.

    Мақтарал мектеп-гимназиясынан бөлек қаламгер қауым Аткент кентіндегі өзгеде эвакуациялық орталықтарда болды. Онда тұрғынджармен кездесіп балаларға балмұздақ таратты. Қолда бар мәліметке сүйенсек бір күнде 5 мың тәтті үлестірілген. Сонымен қатар, журналистер облыстық штаб жанынан ұйымдастырылған қоймаға барып киім-кешек табыстады. Сондай-ақ, осы сапар кезінде журналистер облыстық штабта болып бүгінде сарқынды судың зардаптарын жою бағытында атұарылып жатқан жұмыстармен танысты. Одан бөлек үйлері су астында қалған азаматтар үшін салынып жатқан жаңа мөлтек ауданқұрылысын да аралап көрді.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады

    Фариза

    Риддерде үш баланың анасын аяусыз өлтіріп кетті

    Фариза

    Ұлан ауданының прокуроры жұмыс сапарымен ауданның барлық ауылдық округтерін аралап шықты

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.